БҰЙЫРАМЫН:
1. "Метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу және қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүргізетін және (немесе) өткізетін жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 14 қарашадағы №274-ө бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 166-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Әлиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі