"Қазақстан Республикасының Салық кодексі" 45-бабының 6-тармағы 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) және 5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен құпия ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну бойынша өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген тәртіппен осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі осы бірлескен бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның интернет-ресурстарда жариялануын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасарларына және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
|
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі |
|
| № 70 және | |
| Қазақстан Республикасы | |
| Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 251 бірлескен бұйрығымен БЕКІТІЛДІ |
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен құпия ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну бойынша өзара іс-қимыл жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құпия ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен өзара іс-қимыл қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Салық кодексі" (бұдан әрі – Салық кодексі) 45-бабының 6-тармағы 5) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 19-бабы 3-тармағының 3) және 5) тармақшаларына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Салық кодексі 45-бабының 6-тармағы 5) тармақшасына және Кодекстің 19-бабы 3-тармағының 3) және 5) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілген тауарлар бойынша құпия ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) ұсыну бойынша өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
3. Мәліметтер Министрліктің осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес тізбелер бойынша Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Экология кодекс) 31-тарауының ережелерін іске асыру мақсатында ұсынылады.
4. Мәліметтерді ұсыну бойынша өзара іс-қимыл Мемлекеттік органдардың біртұтас көліктік ортасы (МО БКО) арқылы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 81-бабына сәйкес цифрлық объектілерді интеграциялау жолымен жүзеге асырылады.
Интеграциялау өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, SmartBridge жүйесіндегі интеграциялау бойынша келісім шеңберіндегі әдістерге сәйкес жүргізіледі.
5. Комитет Мәліметтерді тұрақты негізде нақты уақыт режимінде беруді қамтамасыз етеді.
Мәліметтерді беру цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.
3-тарау. Мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету
6. Министрлік осы Қағидалар шеңберінде алынған Мәліметтердің Экология кодекспен жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін ғана пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
7. Осы Қағидалар шеңберінде алынған Мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігі бар адамдар Салық кодексінің 45-бабы 9-тармағына және Кодекстің 19-бабы 5-тармағына сәйкес өз міндеттерін орындау кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай ақпаратты таратуға құқылы емес.
8. Мақсаттарға қол жеткізу және практикалық қажеттілік жойылғаннан кейін алынған Мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылуы тиіс.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілген тауарлар бойынша ұсынылатын құпия ақпараттың ТІЗБЕСІ
Ақпараттың атауы | Ақпарат қамтылған ТД бағанының атауы |
ТД тіркеу нөмірі | "А" бағаны |
Қозғалыс бағыты (импорт және (немесе) экспорт) және мәлімделген кедендік рәсімнің екі таңбалы коды | "Декларация" 1-бағанының 1 және 2-тармақшалары |
Жөнелтушінің атауы немесе Т.А.Ә., орналасқан жері, ЕСН (БСН, ЖСН) | 2-баған "Жөнелтуші/Экспорттаушы" |
Тауарлардың саны | 5-баған "Тауарлардың жалпы саны" |
Алушының Т.А.Ә. немесе атауы, оның орналасқан жері, ЕСН (БСН, ЖСН) | 8-баған "Алушы" |
Қаржылық реттеуге жауапты тұлғаның Т.А.Ә. немесе атауы, оның орналасқан жері, ЕСН (БСН, ЖСН) | 9-баған "Қаржылық реттеуге жауапты тұлға" |
Декларанттың Т.А.Ә немесе атауы және оның орналасқан жері, ЕСН (БСН, ЖСН), сондай-ақ, егер ұйым атынан оның дербес бөлімшесі өкілдік етсе – аталған дербес бөлімшенің атауы, орналасқан жері, ЕСН (БСН, ЖСН) | 14-баған "Декларант" |
Тауар жөнелтілген елдің атауы | 15-баған "Жөнелтілген ел" |
Тауар алынған елдің атауы | 17-баған "Алу бағыты" |
Төлем валютасындағы тауар құны | 22-баған "Валюта және шот бойынша жалпы сома" |
Валюта бағамы | 23-баған "Валюта бағамы" |
Кеден органдары қабылдаған шешімдер (Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімінің №14 қосымшасы) | "С" бағаны |
Жүк орындары және тауарлардың сипаттамасы | 31-баған "Жүк орындары және тауарлардың сипаттамасы" |
Тауардың сипаттамасы және оның сипаттамалық белгілері | 31.1-баған "Тауардың сипаттамасы және оның сипаттамалық белгілері" |
Тауардың қаптамасы туралы ақпарат | 31.2-баған "Жүк, жүк орындары, поддондар және тауардың қаптамасы" |
Тауар | 32.1-баған "Тауар" |
СЭҚ ТН коды | 33-баған "Тауар коды" |
Брутто салмағы (кг) | 35-баған "Брутто салмағы (кг)" |
Кеден рәсімінің коды | "Рәсім" 37- бағанының 1 және 2-тараулары |
Нетто салмағы (кг) | 38-баған "Нетто салмағы (кг)" |
Қосымша ақпарат | 44-баған "Қосымша ақпарат / Ұсынылған құжаттар" |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЕСН (БСН, ЖСН) – ерекше сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі);
кг – килограмм;
СЭҚ ТН – Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы;
ТД – тауарларға арналған декларация;
Т.А.Ә. – тегі, аты және әкесінің аты (егер ол тұлғаны куәландыратын құжатта көрсетілген болса).
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылатын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар бойынша ұсынылатын мәліметтердің ТІЗБЕСІ
Ақпараттың атауы | Ақпарат қамтылған бағанының атауы |
Салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабымен электрондық түрде ұсынылған өтінімге (бұдан әрі – Өтінім) тіркеу нөмірі беріледі | Өтінімнің тіркеу нөмірі |
МКО АЖ жүйесімен берілетін өтінім мәртебесі | Өтінімнің мәртебесі |
Салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабымен электрондық түрде ұсынылған өтінімге тіркеу нөмірі беріледі | Ауыстырылатын өтінімнің тіркеу нөмірі |
Салық есептілігін өңдеу және қабылдау жүйесінің орталық торабымен электрондық түрде ұсынылған өтінімге тіркеу нөмірі беріледі | Кері қайтарылған өтінімнің орнына берілген өтінімнің тіркеу нөмірі |
Тек қана электрондық түрдегі өтінішті табыс еткен кезде, өтінішті ұсыну күні салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабымен қабылдау күні болып табылады | Өтінімді электронды түрде берген күні |
Тек қана электрондық түрдегі өтінішті табыс еткен кезде, өтінішті ұсыну күні салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабымен қабылдау күні болып табылады | Өтінімді тіркеу туралы белгі қойылған күн |
Сатып алушының сәйкестендіру коды (нөмірі) | "Сатушы/Сатып алушы" жолдарында |
Сатып алушының атауы | "Сатушы/Сатып алушы" жолдарында |
Сатушының сәйкестендіру коды (нөмірі) | "Сатушы/Сатып алушы" жолдарында |
Сатушының атауы | "Сатушы/Сатып алушы" жолдарында |
Сатушының мемлекеттік коды | 03-жолда Сатушының орналасқан жері (мекенжайы) мемлекеттік коды көрсетіледі |
Импорттаушының нақты және (немесе) заңды мекенжайы, байланыс деректері (телефон, электрондық поштаның адресі) | 04-жолда мемлекеттік коды және Сатып алушының орналасқан жерінің (тұрғылықты жерінің) мекенжайы көрсетіледі |
Шарт (келісімшарт) нөмірі | 05-жолда шарттың (келісімшарттың) нөмірі мен күні көрсетіледі |
Шарттың (келісімшарттың) күні | 05-жолда шарттың (келісімшарттың) нөмірі мен күні көрсетіледі |
МКО АЖ жүйесімен беріледі | Жазбаның идентификаторы |
Тауардың атауы | 2-бағанда – шот-фактураға немесе көлік (тауарға ілеспе) құжаттарына негізделген тауардың атауы |
Тауардың СЭҚ ТН коды | 3-бағанда – бірыңғай СЭҚ ТН сәйкес 10 таңбалы тауарлар коды |
Тауардың өлшем бірлігі | 4-бағанда – шот-фактурада немесе көлік (тауарға ілеспе) құжаттарында немесе импортталған тауарды сатып алуды растайтын өзге де құжатта көрсетілген өлшем бірліктеріндегі тауардың саны |
Тауардың саны | 5-бағанда – 4-бағанда көрсетілген өлшем бірліктеріндегі тауардың саны |
Тауардың құны | 6-бағанда – шот-фактурадағы немесе көлік (ілеспе) құжаттардағы немесе импортталған тауарларды сатып алуды растайтын басқа құжаттағы ақпарат негізінде тауардың (жұмыстың) құны |
Валюта коды | 7-бағанда – валюта коды |
Валюта бағамы | 8-бағанда – импортталған тауарларды тіркеуге қабылдау күніне дейінгі шот-фактурада немесе көлік (ілеспе) құжатта көрсетілген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валютасына ресми айырбастау бағамы |
Көлік (тауарға ілеспе) құжатының сериясы, нөмірі | 9-бағанда – көлік (тауарға ілеспе) құжаттарының сериясы, нөмірі |
Көлік (тауарға ілеспе) құжатының күні | 10-бағанда – көлік (тауарға ілеспе) құжаттарының күні |
Шот-фактураның нөмірі | 11-бағанда – шот-фактураның нөмірі |
Шот-фактураның күні | 12-бағанда – шот-фактураның күні |
Тауарды есепке алу күні | 13-бағанда – салық төлеушінің тауарды есепке алу күні |
Салықтық база | 15-бағанда - ҚҚС |
МКО АЖ жүйесімен беріледі | Тауардың нөмірі ретімен |
Тауарларды жеткізуге үштен астам адам қатысқан жағдайларда, салық төлеуші қосымшада Сатушыдан (тауарлар экспортталған және Салық төлеушіге 0 пайыздық ҚҚС мөлшерлемесін немесе акциздік салықтардан босатуды қолданудың заңдылығын растайтын құжаттар пакетін ұсынатын мүше мемлекеттің салық төлеушісі) Сатып алушыға (Өтінім беруші салық төлеуші) тиісті мәмілелерге қатысатын тұлғаларды көрсете отырып, тауарларды сату (тауарларды тасымалдау) бойынша мәмілелер туралы ақпаратты, сондай-ақ келісімдерден (келісімшарттардан) ақпаратты көрсетеді: мемлекеттік коды | 3-бөлім Сатушының мемлекеттік коды |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МКО АЖ – мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
СО – Салық органы;
СЭҚ ТН – Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы;
Т.А.Ә. – тегі, аты және әкесінің аты (егер ол тұлғаны куәландыратын құжатта көрсетілген болса).
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілген тауарларға қатысты салықтық құпиясын құрайтын ақпараттың ТІЗБЕСІ
Наименование информации | Пояснение по заполнению |
СО тауарларды импорттау жанама салықтарды төлеу туралы өтінімдерді (бұдан әрі – Өтінім) тіркеу белгісінің нөмірі | ЕАЭО мүше мемлекетінің СО берген өтінімді тіркеу нөмірі |
Өтінімді СО тіркеу туралы белгінің күні | Өтінімнің ЕАЭО мүше мемлекетінің СО жүйесінде тіркелген күні |
Сатушының сәйкестендіру коды (нөмірі) | "Сатушы/Сатып алушы" жолдарында |
Сатушының Т.А.Ә. немесе атауы | "Сатушы/Сатып алушы" жолдарында |
Сатушының мемлекеттік коды | 03-жолда Сатушының орналасқан жері (мекенжайы), мемлекеттік коды көрсетіледі |
Сатып алушының сәйкестендіру коды (нөмірі) | "Сатушы/Сатып алушы" жолдарында |
Сатып алушының Т.А.Ә. немесе атауы | "Сатушы/Сатып алушы" жолдарында |
Сатып алушының ел коды | 04-жолда Сатып алушының орналасқан жері (мекенжайы), ел коды көрсетіледі |
Шарт (келісімшарт) нөмірі | 05-жолда шарттың (келісімшарттың) нөмірі мен күні көрсетіледі |
Шарттың (келісімшарттың) күні | 05-жолда шарттың (келісімшарттың) нөмірі мен күні көрсетіледі |
Тауардың атауы | 2-бағанда – шот-фактураға немесе көлік (тауарға ілеспе) құжаттарына негізделген тауардың атауы |
Тауардың СЭҚ ТН коды | 3-бағанда – бірыңғай СЭҚ ТН сәйкес 10 таңбалы тауарлар коды |
Тауардың өлшем бірлігі | 4-бағанда – шот-фактурада немесе көлік (тауарға ілеспе) құжаттарында немесе импортталған тауарды сатып алуды растайтын өзге де құжатта көрсетілген өлшем бірліктеріндегі тауардың саны |
Тауардың саны | 5-бағанда өлшем бірліктеріндегі тауарлардың саны көрсетіледі |
Тауардың құны | 6-бағанда – шот-фактурадағы немесе көлік (ілеспе) құжаттардағы немесе импортталған тауарларды сатып алуды растайтын басқа құжаттағы ақпарат негізінде тауардың (жұмыстың) құны |
Валюта коды | 7-бағанда – валюта коды |
Валюта бағамы | 8-бағанда – импортталған тауарларды тіркеуге қабылдау күніне дейінгі шот-фактурада немесе көлік (ілеспе) құжатта көрсетілген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валютасына ресми айырбастау бағамы |
Шот-фактураның нөмірі | 11-бағанда – шот-фактураның нөмірі |
Шот-фактураның күні | 12-бағанда – шот-фактураның күні |
Тауарды есепке алу күні | 13-бағанда – салық төлеушінің тауарды есепке алу күні |
Салықтық база | 15-бағанда - ҚҚС |
3-бөлімдегі сатушының мемлекеттік коды | Тауарларды жеткізуге үштен астам адам қатысқан жағдайларда, салық төлеуші қосымшада сатушыдан (тауарлар экспортталған және Салық төлеушіге 0 пайыздық ҚҚС мөлшерлемесін немесе акциздік салықтардан босатуды қолданудың заңдылығын растайтын СО құжаттар пакетін ұсынатын мүше мемлекеттің салық төлеушісі) Сатып алушыға (өтінім беруші салық төлеуші) тиісті мәмілелерге қатысатын тұлғаларды көрсете отырып, тауарларды сату (тауарларды тасымалдау) бойынша мәмілелер туралы ақпаратты, сондай-ақ келісімдерден (келісімшарттардан) ақпаратты көрсетеді: мемлекеттік коды |
3-бөлімдегі сатушының сәйкестендіру коды (нөмірі) 3-бөлім | Тауарларды жеткізуге үштен астам адам қатысқан жағдайларда, салық төлеуші қосымшада сатушыдан (тауарлар экспортталған және Салық төлеушіге 0 пайыздық ҚҚС мөлшерлемесін немесе акциздік салықтардан босатуды қолданудың заңдылығын растайтын СО құжаттар пакетін ұсынатын мүше мемлекеттің салық төлеушісі) Сатып алушыға (өтінім беруші салық төлеуші) тиісті мәмілелерге қатысатын тұлғаларды көрсете отырып, тауарларды сату (тауарларды тасымалдау) бойынша мәмілелер туралы ақпаратты, сондай-ақ келісімдерден (келісімшарттардан) ақпаратты көрсетеді: мемлекеттік коды |
3-бөлімдегі сатушының атауы | Тауарларды жеткізуге үштен астам адам қатысқан жағдайларда, салық төлеуші Қосымшада Сатушыдан (тауарлар экспортталған және Салық төлеушіге 0 пайыздық ҚҚС мөлшерлемесін немесе акциздік салықтардан босатуды қолданудың заңдылығын растайтын СО құжаттар пакетін ұсынатын мүше мемлекеттің салық төлеушісі) Сатып алушыға (өтінім беруші салық төлеуші) тиісті мәмілелерге қатысатын тұлғаларды көрсете отырып, тауарларды сату (тауарларды тасымалдау) бойынша мәмілелер туралы ақпаратты, сондай-ақ келісімдерден (келісімшарттардан) ақпаратты көрсетеді: мемлекеттік коды |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚҚС – қосылған құн салығы;
СО – Салық органы;
СЭҚ ТН – Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы;
ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;
Т.А.Ә. – тегі, аты және әкесінің аты (егер ол тұлғаны куәландыратын құжатта көрсетілген болса).