ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Меңдіқара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Меңдіқара ауданы әкімінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9494 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"14. № 607 сайлау учаскесі
Шекаралары: Борки ауылы.
Учаскенің орналасқан жері: Меңдіқара ауданы, Борки ауылы, Молодежная көшесі, 3, "Меңдіқара ауданының Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты."
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"15. № 611 сайлау учаскесі
Шекаралары: Буденновка ауылы.
Учаскенің орналасқан жері: Меңдіқара ауданы, Буденновка ауылы, Достық көшесі, 1, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Буденный жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.";
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"17. № 613 сайлау учаскесі
Шекаралары: Харьковское ауылы.
Учаскенің орналасқан жері: Меңдіқара ауданы, Харьковское ауылы, Школьная көшесі, 5/1, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Соснов жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.";
25-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"25. № 623 сайлау учаскесі
Шекаралары: Құлшықай ауылы.
Учаскенің орналасқан жері: Меңдіқара ауданы, Құлшықай ауылы, А. Кәрібаев көшесі, 6-үй (келісім бойынша).";
27-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"27. № 625 сайлау учаскесі
Шекаралары: Ұзынағаш ауылы.
Учаскенің орналасқан жері: Меңдіқара ауданы, Ұзынағаш ауылы, Құрманғазы көшесі, 3-үй (келісім бойынша).";
40-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"40. № 640 сайлау учаскесі
Шекаралары: Архиповка ауылы.
Учаскенің орналасқан жері: Меңдіқара ауданы, Архиповка ауылы, Ленин көшесі, 30К Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Архипов жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.".
2. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Меңдіқара ауданының әкімі | Ғ. Бекбаев |
Келісілді
Меңдіқара аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
____________________ Р. Байсақалов
2026 жылғы "____" ______________
| Қостанай облысы әкімдігі білім | |
| басқармасының "Меңдіқара ауданының | |
| білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің | |
| басшысы | |
| _______________________ Г. Ахметова | |
| 2026 жылғы "____" ________________ |