ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 723 және 726-баптарына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қарабалық ауданының аумағында Салық кодексінің 723-бабының 1-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденттері – жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесі 4 пайыздан 2,5 пайызға дейін төмендетілсін.
Осы шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Аудандық мәслихаттың төрайымы | Г.С. Балбаева |
