ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жангелдин ауданы бойынша 2027 жылы оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері есепті салықтық кезеңде салық салу объектісіне 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Жангелдин аудандық мәслихатының төрағасы | А. Ержигитова |
