"Денисов ауданының әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қауымдық сервитут белгілеуі туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Глебовка ауылы әкімінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Денисов ауданының Глебовка ауылының әкімі ШЕШТІ:

      1. "Денисов ауданының әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қостанай облысы Денисов ауданы Глебовка ауылын сумен жабдықтаудың тарату желілерін салу" объектісіне Глебовка ауылын сумен жабдықтау желілерін пайдалану және қызмет көрсету мақсатында 48 (қырық сегіз) жыл мерзімге, 5,636 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Денисов ауданының Глебовка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыннның Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Р. Турганов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады