Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 59 "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 2 наурыздағы № 32 қаулысы

      1. Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 59 "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің:

      15-тармағы мынадай мазмұндағы 18), 19), 20) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен бірге болуға тыйым салынатын орындарды айқындау, сондай-ақ қажет болған жағдайда үй жануарларын серуендетуге арналған орынды жабдықтау;

      19) жануарларға арналған баспаналардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, жоғалған жануарлардың иелерін іздестіруге, үй жануарларын зарарсыздандыру қажеттілігі туралы хабардар етуге бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру;

      20) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру;".

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарын хабардар етуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданының әкімі Р. Қатпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады