Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына, сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің Харьковка ауылының шекарасына Әулиекөл ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы 727,0 гектар жерді қосу арқылы, Чернигов ауылдық округінің Харьковка ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 3017,0 гектар шекарасында қоса берілген жерлердің экспликациясына сәйкес белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әулиекөл ауданының әкімі | Ж. Таукенов |
| Әулиекөл аудандық мәслихатының төрағасы | Д. Қойшыбаев |
| Әулиекөл ауданы әкімдігінің | |
| және мәслихатының | |
| 2026 жылғы 11 ақпандағы № 24/428 | |
| бірлескен қаулысы және шешіміне | |
| қосымша |
Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің Харьковка ауылының жер экспликациясы
Жер бөлу шекарасында ғана беріледі | Егістік | оныңішінде, га | |||||||||||||
Жайылымдар | Үй маңындағы жерлер | Бақшалар | Барлық ауылшаруашылық алқаптары | Ағаш-бұталы екпелер | Су астында | Арнала, коллекторлар астында | Жолдар астында | Құрылыстар астында | Бүлінген жерлер | Басқа жерлер | сыртта | ||||
Барлығы | Оның ішінде түбегейлі жақсартылған | ||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
2003 жылғы жер шаруашылық құрылымының деректері бойынша | 2290,0 | 151,0 | 1425,0 | 64,0 | 1576,0 | 32,0 | 163,0 | 519,0 | |||||||
Мемлекеттік жер қоры жерінен Чернигов ауылдық округі Харьковка ауылына қосылған жерлері | 727,0 | 529,5 | 136,1 | 130,3 | 665,6 | 19,6 | 9,0 | 32,8 | |||||||
3017 | 680,5 | 1561,1 | 194,3 | 2241,6 | 32,0 | 19,6 | 9,0 | 195,8 | 519,0 | ||||||
