"Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 10 ақпандағы № 19 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – ММ) туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 26 сәуірдағы № 49 Алтынсарин ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылсын.

      3. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуі;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтынсарин ауданының әкімі А. Сартов

  2026 жылғы "__" ________
  № _____ қаулысымен
  бекітілген

"Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110110, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Ленина көшесі, 4.

      9. Осы ереже "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      11. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      1) азық-түлік қауіпсіздгін қамтамасыз ету шаралары;

      2) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

      3) агробизнестің тиімді жұйесін ұйымдастыру;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.

      5) мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      6) рұқсат құжаттарымен жұмыс.

      13. Өкілеттіктері:

      Құқықтар мен міндеттер:

      1) өз құзыреті шегінде өкілетті органдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және басқа да орталық атқарушы органдарының, облыс, аудан әкімі және әкімдігінің, актілері мен тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындау;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      4) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларға түсініктемелер беру;

      5) ауыл шаруашылығы саласындағы озық тәжрибелерді тарату;

      6) агроөнеркәсіптік кешендердің ақпараттық жүйесін қамтамасыз етуді қалыптастыруда және маркетингтік қызметтерді дамытуда көмек көрсету;

      7) ішкі және сыртқы азық-түлік нарығының ахуалын зерттеу және оны ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына жеткізу;

      8) нарықтық инфраструктураны, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бастапқы қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін іске асыру бойынша көтерме және биржалық нарықтарда қызмет атқаруды және тауар нарығының маркетингін құру үшін жағдайлар жасау;

      9) кадрлық мүмкіндіктерге сараптама жасау, оның мамандарға мұқтаждығына болжам жасау, кадрларды дайындау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша шараларды әзірлеу;

      10) ауылдық несие серіктестіктерін, шағын несие ұйымдарын ұйымдастыру мәселелері бойынша агроөнеркәсіп кешендерінің субъектілеріне көмек көрсету;

      11) ауданның өзін-өзі қамтамасыз ету және өнімнің артығын өткізу мүмкіндіктерін және өндірістік потенциалдарды тиімді пайдалануа көмек көрсету, ауданда өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін іске асыру бойынша нарық желісін кеңейтуде себебші болу;

      12) ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін, МТС (сервис-орталықтар), лизинг, ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыру мәселелері бойынша өңірлік семинар-кеңестер жүргізуде консултациялық көмектер көрсету;

      13) жанар-жағар май материалдарының, ауыл шаруашылығы техникларының қажеттілігі, барлығы туралы мәліметтерді жүргізу және оларды сатып алуға көмек көрсету;

      14) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне ауыл шаруашылығы өнімдерінің ауруларға және зиянкестерге қарсы фитосанитарлық іс-шаралар жүргізуде консултациялық көмек көрсету;

      15) астыққа мониторинг жүргізу, ауданның астық қабылдайтын кәсіпорындарымен өзара іс - қимылды жүзеге асыру;

      16) "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл щаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесімен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің аудандық аймақтық инспекциясымен, "Қостанай облысы ветеринария басқармасы" мемлектеттік мекемесі, "Алтынсарин ауданның жер қатынастары бөлімі" мемлектеттік мекемесі өзара әрекет ету;

      17) ауылдық округтер мен ауыл әкімдіктері арқылы ауданның агроөнеркәсіп кешендерін басқару функцияларын жүзеге асыру;

      18) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.

      14. Функциялары

      1) агроөнеркәсіптік кешендерін дамыту бағдарламаларын зерттеуге және жүзеге асыруға қатысу;

      2) ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатылу көлемін және оның қайта өнделген өнімдерін арттыру, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеу бойынша мониторинг жүргізу;

      3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;

      4) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;

      5) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

      6) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      7) мемлекеттік қызмет көрсету;

      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес рұқсат беретін құжаттармен жұмыс жүргізу;

      9) мал ұстау санитарлық аймақтар щекарасын белгілеу туралы облыстык жергілікті атқару органның ережесіне өзгеріс ұсыну;

      10) аудан (облыс манызы бар қала) аумағында жүкпалы мал ауру туындаған жағдайда тиісті аумақтын бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордын ұсынысымен карантин немесе шектеу іс-шара шешімін қабылдау;

      11) аудан (облыс манызы бар қала) аумағында жүкпалы мал ауру ошактарын жою іс-шараларын өткізгеннен кейін тиісті аумактын бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлык инспектордын ұсынысымен карантин немесешектеу іс-шаралардын алып тастау туралы шешімін қабылдау;

      12) облыстык жергілікті атқару органдармен құрылған ветеринария облысындағы функцияларын тиісті аумақта өткізу кезінде мемлекеттікветеринария ұжымдарына жәрдемдесу;

      13) облыстык жергілікті атқару органдармен құрылған мемлекеттік ветеринария мекемесіне Қазақстан Республикасынын заннамаға сәйкес ұй-жаймен қамтамасыз ету;

      14) облыстык жергілікті атқару органдарға мал корымы (биотермиялық шұнкырлар) реестіріне енгізу үшін мал корымы(биотермиялық шұнкырлар) туралы деректер (мәліметтерді) үсыну.

      15) Үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, беру құрылғыларын сатып алу, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру, қаңғыбас және қаңғыбас жануарларды уақытша күту, қаңғыбас және панасыз жануарларды анықтау, қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауапты болады, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауаптылықта болады;

      заңнамада белгіленген тәртіпте "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді.

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      18. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      19. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      21. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады