ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 582-бабына (бұдан әрі – Кодекс), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзетуді жүзеге асырсын.
Осы тармақтың ережесі Кодекстің 581-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.
2. Осы шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихаттың төрағасы | К. Мухамадиева |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Лисаковск қаласы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________________ П. Унич
КЕЛІСІЛДІ
"Лисаков қаласы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ А. Успанова
| Мәслихаттың | |
| 2026 жылғы "27"тамыздағы | |
| № 266 шешіміне | |
| қосымша |
Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету
№ | Аймақтың нөмірі | Жер салығының базалық мөлшерлемелерін төмендету (-) немесе жоғарылату (+) пайызы |
1 | 1 | +50 |
2 | 2 | +40 |
3 | 3 | +30 |
4 | 4 | 0 |
