Мәслихаттың 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2026 жылғы 19 наурыздағы № 265 шешімі

      Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10075 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6-тармақтың 12) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "12) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде болатын адамдарға, табыстарын есепке алмай, бір рет, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      13-тармақтың он екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың 6-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген адамдар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады