"Рудныйсоколовстрой" акционерлік қоғамына жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Рудныйсоколовстрой" акционерлік қоғамына мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

      Рудный қаласы, Топорков көшесі, № 66 үй маңы мекенжайы бойында байланыс тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0050 га;

      Рудный қаласы, Топорков көшесі, № 66 үй маңы мекенжайы бойында электр беру желісін төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0057 га;

      Рудный қаласы, Топорков көшесі, № 66 үй маңы мекенжайы бойында сумен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0107 га;

      Рудный қаласы, Топорков көшесі, № 66 үй маңы мекенжайы бойында кәріз тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0144 га.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі В. Ионенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады