Мәслихаттың 2023 жылғы 7 маусымдағы № 28 "Қостанай облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекiту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2026 жылғы 27 наурыздағы № 281 шешімі

      Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының "Қостанай облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекiту туралы" 2023 жылғы 7 маусымдағы № 28 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларында:

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Ағаштарды кесу рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүргізіледі.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. "Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне енгізілген жасыл желектерді заңсыз жою (кесу) жағдайында – жүз есе мөлшерде.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. "Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелерімен өсімдіктер әлеміне келтірілген зиянның мөлшерін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген), уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі есептейді.";

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С. Ещанов

      "Келісілді"

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сактау министрлігінің Санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау комитеті

      Қостанай облысының санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесінің

      (РММ) басшысы

      ____________ Е. Дәулетбаев

      "____" __________ 2026 жыл

  "Қазақстан Республикасының
  Ішкі істер министрлігі Қостанай
  облысының полиция департаменті"
  мемлекеттік мекемесінің бастығы
  _____________ Е. Файзуллин
  "____" __________ 2026 жыл
  "Қазақстан Республикасы Экология
  және табиғи ресурстар министрлігінің
  Экологиялық реттеу және бақылау
  комитеті Қостанай облысы бойынша
  экология департаменті" РММ басшысы
  _______________ К. Елеусенов
  "____" __________ 2026 жыл
  "Қостанай облысы әкімдігінің
  құрылыс, сәулет және қала
  құрылысы басқармасы""
  ММ басшысы
  ___________________ Д. Тлеубаев
  "___" _____________ 2026 жыл
  "Қостанай облысы әкімдігінің
  энергетика және тұрғын
  үй-коммуналдық шаруашылық
  басқармасы" ММ басшысы
  ________________ А. Жүнісов
  "____" __________ 2026 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады