Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Маңғыстау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 11/84 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4696-12 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жылда бір рет ақшалай нысанда келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған және бұрын "Батыр Ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға – 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;
2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 110000 (бір жүз он мың) теңге мөлшерінде;
3) 9 мамыр – Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 5000000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға – 259500 (екі жүз елу тоғыз мың бес жүз) теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға - 216250 (екі жүз он алты мың екі жүз елу) теңге мөлшерінде;
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне -216250 (екі жүз он алты мың екі жүз елу) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасына – 173000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 173000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға -173000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-6 баптарында аталған адамдардың отбасыларына - 173000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасыларына, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына - 173000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына - 173000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге мөлшерінде;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 173000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 173000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның, сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 173000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге мөлшерінде;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 173000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне; екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 173000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге мөлшерінде;
4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен тұлғаларға – 43250 (қырық үш мың екі жүз елу) теңге мөлшерінде;
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға (балаларға) - 34600 (отыз төрт мың алты жүз) теңге мөлшерінде;
5) 1 қазан - Қарттар күні:
70 (жетпіс) жастан асқан зейнеткерлерге – 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;
6) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:
"Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан тұлғаларға – 216250 (екі жүз он алты мың екі жүз елу) теңге мөлшерінде.
Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.".
6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
6. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға өтініші негізінде көрсетіледі:
1) дүлей апаттың салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келгенде, осы жағдай туындаған сәттен бастап алты айдың ішінде, өтініші бойынша, 1 рет, табысын есепке алмай – 450000 (төрт жүз елу мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;
2) өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келгенде, осы жағдай туындаған сәттен бастап алты айдың ішінде, өтініші бойынша, 1 рет, табысын есепке алмай – 450000 (төрт жүз елу мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;
3) әлеуметтік мәні бар сырқатының (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусын тудыратын ауру) болуы, мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алмайтын тұлғаларға, жылына 1 рет, табыстарын есепке алмай – 100000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;
4) республика бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің еселік қатынасынан төмен өтініш берген тоқсан алдындағы жан басына шаққандағы орташа табысы бар тұлғаларға, жылына 1 рет – 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде.
5) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға, олардың жесiрлерiне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға, тылда еңбек еткен және әскери қызмет өткерген адамдарға (бұл ретте, егер аталған адамдар бір мезгілде мүгедектер санатына жататын болса, қамтамасыз ету олардың таңдауы бойынша бір ғана негізде жүзеге асырылады) санаториялық-курорттық емделуге, әлеуметтік көмек жылына бір рет өтініші негізінде табыстарын есепке алмай, бірақ кепілдік берілген сомадан артық емес және темір жол көлігінде жол жүру құнын төлеу;
6) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін адамның уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде, санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға құқығы бар (жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда).
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Аудандық мәслихат төрағасы | Е. Махмутов |