2026–2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 20 шілдедегі № 106 қаулысы

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) және "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдары, сондай-ақ, арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024-2025, 2025-2026, 2026-2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 118 бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2026-2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

  № 106 от 20.07.2026
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2026 жылғы "___"__________
№____ қаулысына қосымша

2026-2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім беру саласының коды және сыныпталуы

Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы

2025-2026 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі

2025-2026 оқу жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)

ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

1

6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6В021 Өнер

20

1 209,3

1 055,9

6В022 Гуманитарлық ғылымдар

10

905,8

803,9

2

6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

6B052
Қоршаған орта

2

933,6

831,8

3

6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

2

1 111,4

1 009,6

4

6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

6В071 Инженерия және инженерлік іс

3

1 111,4

1 009,6

6B072 Өндірістік және өңдеу салалары

2

1 111,4

1 009,6

6B073 Сәулет және құрылыс

2

1 111,4

1 009,6

5

6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

6B081
Өсімдік шаруашылығы

1

933,6

831,8

6В082
Мал шаруашылығы

1

933,6

831,8

6B084 Балық шаруашылығы

9

933,6

831,8

6B086
Су ресурстары және суды пайдалану

5

933,6

831,8

6

6B10 Денсаулық сақтау

6B101 Денсаулық сақтау

103

1 230,7

1 218,3

7

6В11 Қызмет көрсету

6В111 Қызмет көрсету саласы

3

905,8

803,9

Барлығы

163




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады