Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 57 "Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 55 қаулысы.

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 57 "Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы" қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 11-қосымшасы "Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесінің 15-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "15. Функциялар:

      Стратегиялық:

      1) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді;

      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды әзірлейді;

      3) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөніндегі шараларды әзірлейді және іске асырады;

      4) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды жүзеге асырады;

      5) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасайды;

      6) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына талдау жүргізеді;

      7) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын және орындалуына қамтамасыз етеді және жауапты болады;

      8) өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құруды және дамытуды қамтамасыз етеді;

      9) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынасын дамыту стратегиясын айқындайды;

      10) электрондық сауданы дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

      11) шекара маңындағы сауданы дамыту;

      12) отандық сауда желілерін дамыту.

      13) экспортқа шығарылған қазақстандық тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жылжыту кезінде сервистік-ақпараттық қолдау (брендтер);

      14) өңірдің өнеркәсіптік саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      15) өнеркәсіптік өндіріс салаларындағы экономиканың жай-күйі туралы жылдық және тоқсан сайынғы баяндамаларды, ай сайынғы мониторингті дайындауға қатысу;

      16) Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды, тау-кен өнеркәсібі мен өңдеуші өнеркәсіптің мұнай-газ секторын дамыту бөлігінде Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады

      Реттеуші:

      1) өз құзыреті шегінде ішкі сауда субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асырады;

      2) облыс әкімдігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы ұсыныстар енгізу;

      3) өз құзыреті шегінде сұйытылған мұнай газының, жанар-жағармай материалдарының айналымына бақылауды жүзеге асырады;

      4) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сұйытылған мұнай газының, жанар-жағармай материалдарының көлемін бөлуді жүзеге асырады;

      5) сұйытылған мұнай газының, жанар-жағармай материалдарының көлемін бөлу жөніндегі комиссияны құру жөнінде шаралар қабылдайды;

      6) көлемдерді бөлу жөніндегі комиссия туралы ережелерді әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге енгізеді;

      7) тауарлық және сұйытылған мұнай газын, жанар-жағармай материалын тұтыну нормаларын облыс әкімдігіне бекітуге енгізеді;

      8) ұқсат беру рәсімдері, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес хабарламаларды қабылдау;

      9) реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізу

      10) Өнеркәсіптік саясат туралы "Өнеркәсіптік саясат туралы" Заңға сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету;

      11) ұйымдардың сатып алуларындағы елішілік құндылық бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру және оны уәкілетті органға ұсыну;

      12) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсыну;

      Іске асыру:

      1) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      2) стационарлық сауда объектілерін дамыту үшін іс-шаралар кешенін әзірлейді және іске асырады;

      3) сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастырады;

      4) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;

      5) мамандарды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      6) шығарылатын өнімнің ассортименті бойынша өңірлік көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;

      7) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің саудасы бойынша көтерме сауда базарларын ұйымдастыру;

      8) Есептің бірыңғай күнін ұйымдастыру және өткізу;

      9) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшіп келушілерге уақытша тұруға арналған рұқсаттардың қолданылу мерзімін ұзартуға немесе қысқартуға өтініш береді;

      10) өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық көмек көрсету;

      11) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;

      12) өңір экономикасына инвестициялар тартудың ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізу;

      13) шетелдік және отандық инвесторлардың инвестициялық қызметін қолдауды қамтамасыз ету;

      14) инвестициялық преференцияларды алуға жәрдемдесу;

      15) әлеуетті инвесторлар үшін инвестицияларды талап ететін жобаларды айқындау;

      16) инвестицияларды тарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және іске асыру мониторингіне қатысу;

      17) өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша іс-шараларды (форумдар, көрмелер, семинарлар) ұйымдастыру;

      18) өңірде инновациялық қызметті дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      19) коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін гранттар мен инвестицияларды тарту бойынша жәрдем көрсетеді;

      20) қызметі ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру болып табылатын заңды тұлғаларды құруға қатысады;

      21) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қолданбалы ғылыми жобаларды әзірлеуді ұйымдастырады;

      22) орындалған қолданбалы ғылыми жобалар бойынша есептерді бекітеді.

      Бақылау:

      1) тоқсан сайын облыстың сұйытылған мұнай газына, жанар-жағармай материалдарына қажеттілігін ұсынады;

      2) сұйытылған мұнай газын, жанар-жағармай материалын тұтыну болжамын ұсынады;

      3) сұйытылған мұнай газын, жанар-жағармай материалын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсынады;

      4) тізілімді жүргізеді және интернет-ресурста жариялайды;

      5) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне, бағаларға және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарына мониторинг жүргізу;

      6) реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есептерді уәкілетті органға ұсыну;

      7) өңдеуші өнеркәсіптің экономикалық көрсеткіштерін талдау, бағалау және болжау;

      8) тау-кен өндіру өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібінің мұнай-газ секторының ірі және орта кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметін талдау;

      9) өңірдің мұнай және газ өндіру жөніндегі деректерін қалыптастыру және талдау;

      10) жетекшілік ететін өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша деректер базасын қалыптастыру және үнемі жаңарту;

      2. "Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады