Арал ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2026 жылғы 16 маусымдағы № 556 шешім

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-9 тармағына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" 2025 жылғы 30 мамырдағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) № 187 бұйрығына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арал ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының төрағасы Б. Турахметов

  Арал аудандық мәслихатының
2026 жылғы "16" маусымдағы
№ 556 шешіміне қосымша

Арал ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғынжай сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін, Арал ауданының азаматтарына әлеуметтік көмек, әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1 000 000 (бір миллион) теңге болып белгіленсін.

      2. Арал ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:

      1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (тұрғын үй кезегінде тұрған);

      2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (тұрғын үй кезегінде тұрған);

      3) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар (тұрғын үй кезегінде тұрған);

      4) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар (тұрғын үй кезегінде тұрған);

      5) "Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен бекiтілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімінде көрсетілген аурумен ауыратын адамдар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26830 болып тіркелген) (тұрғын үй кезегінде тұрған);

      6) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер (тұрғын үй кезегінде тұрған);

      7) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (тұрғын үй кезегінде тұрған);

      8) қандастар (тұрғын үй кезегінде тұрған);

      9) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар (тұрғын үй кезегінде тұрған);

      10) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар (тұрғын үй кезегінде тұрған);

      11) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары (тұрғын үй кезегінде тұрған);

      12) толық емес отбасылар (тұрғын үй кезегінде тұрған);

      13) асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) (тұрғын үй кезегінде тұрған);

      14) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар (тұрғын үй кезегінде тұрған);

      15) атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

      16) Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есепке алумен, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы және өзге де салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының қажетті мамандары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады