Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2026 жылғы 10 наурыздағы № 16/57 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Приозерск қаласының сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 10/39 "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Қарағанды облысы Әділет лепартаментінде 2024 жылғы 6 наурызда №6566-09 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ

      Приозерск қалалық

      сайлау комиссиясы

  Приозерск қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 10 наурыздағы № 16/57
"Барлық кандидаттар үшін үгіттік
баспа материалдарын орналастыру
үшін орындар белгілеу туралы"
қаулысына қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру ОРЫНДАРЫ

Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны

1

Приозерск қаласы

Көкжиек көшесі, "Березка" дүкеніне қарама-қарсы ақпараттық тақта

2

Приозерск қаласы

Балқаш және Кисунько көшелерінің қиылысындағы ақпараттық тақта

3

Приозерск қаласы

Кисунько көшесі, "Грей" дүкені алдындағы ақпараттық тақта

4

Приозерск қаласы

Пушкин көшесі, "777" дүкеніне қарама-қарсы ақпараттық тақта

5

Приозерск қаласы

Б.Момышулы көшесі, №12/1 тұрғын үйінің жанындағы ақпараттық тақта

6

Приозерск қаласы

Панфилов көшесі, "Автозапчасти" дүкені алдындағы ақпараттық тақта

7

Приозерск қаласы

Кисунько көшесі, "Жансерік" дүкені алдындағы ақпараттық тақта

8

Приозерск қаласы

Достық көшесі, 29 тұрғын үйінің алдындағы ақпараттық тақта

9

Приозерск қаласы

Транспортная көшесі, Орталық аурухананың алдындағы ақпараттық тақта

10

Приозерск қаласы

Достық көшесі, "Жулдыз" дүкені алдындағы ақпараттық тақта

11

Приозерск қаласы

Космонавтов көшесі, "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық Орталығы" КМҚК автотұрағы жанындағы ақпараттық тақта


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады