"QazGeology" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 20 қазандағы № 106/02 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және 2025 жылғы 04 қазандағы №3692-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "QazGeology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан, Қарағанды облысы Осакаров ауданы Трудовой ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы алаңы 1970,3098 гектар жер учаскелерінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2031 жылғы 04 қазанға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "QazGeology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру және жер пайдаланушылармен жасасқан шартта шығынды өтеу бойынша міндеттерін және басқа да шарттарды анықтау ұсынылсын.

      3. "Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етілсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осакаров ауданының әкімі Р. Нурмуханбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады