Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген), Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1, 2-қосымшасына сәйкес Нұра ауданы бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесі анықталсын.
2. "Нұра аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Нұра аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Нұра аудандық мәслихатының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 95 "Нұра ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25702 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың төрағасы | К. Жунусбеков |
| Нұра аудандық мәслихатының 2026 жылғы "18" маусымдағы № 251 шешіміне 1-қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
Қарыз сомасының 10%, алайда әрбір алушы үшін қарыз сомасына қарамастан 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
| Нұра аудандық мәслихатының 2026 жылғы "18" маусымдағы № 251 шешіміне 2-қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
- Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
- Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері; Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
- Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
- Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
- Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
- Қандастар;
- Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
- Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
- Толық емес отбасылар;
- Асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) жатады.
