"Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 53/нс бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.10.2026 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17630 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметі (Б.Д. Дәрменов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сағымбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2026 жылғы 1 шілдедегі
  № 53/нс бұйрығына 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2018 жылғы 23 қазандағы
№ 86/қе бұйрығына
1-қосымша

Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары

р/с

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Қосылған құн салығы ескерілмеген бағасы, теңге

1

2

3

4

1.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған инвестициялық ұсыныстың және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің және техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу:

1)

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған инвестициялық ұсыныстың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу

1 көрсетілетін қызмет

409 644

2)

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу

1 көрсетілетін қызмет

199 570

3)

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу

1 көрсетілетін қызмет

387 671

2.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру

1 көрсетілетін қызмет

2 167 692 741

3.

Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталықтары мен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратын жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыру

1 көрсетілетін қызмет

360 557 738

4.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына жәрдемдесу

1 оқыс оқиға

4 415 583

5.

Мемлекеттік орган меншік иесі (иеленуші) және (немесе) тапсырыс беруші болып табылатын ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу:

1)

Бастапқы кодтарды талдау

1 Мбайт

32 998

2)

Жүктемелік сынау

1 пайдалану нұсқасы

1 054 904

3)

Желілік инфрақұрылымды зерттеп-қарау

1 кіші желі

1 421 969

4)

Ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау

1 жүйе/кіші жүйе

3 517 410

5)

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін зерттеп-қарау

1 жүйе/кіші жүйе

1 944 574

6.

Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзін қолдап отыруды жүзеге асыру

1 көрсетілетін қызмет

394 008 950

7.

Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі:

1)

Қорғалуды қамтамасыз ету мониторингі

1 "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі

12 563 414

2)

Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі

1 "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі

12 043 554

3)

Қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету мониторингі

1 "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі

1 964 485

8.

Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингілеу

1)

Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары көздерін орнату

1мемлекеттік орган

2 588 907

2)

Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымындағы ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары көздерін техникалық қолдап отыру

1 мемлекеттік орган

22 508 227

3)

Ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингілеу объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын бақылау

1 мемлекеттік орган

22 117 054

9.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асыру

1 мемлекеттік мекеме

16 437 522

10.

Электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асыру:

1)

Дербес деректерді қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық шаралары мен процестері

1 зерттеп-қарау объектісі

1 841 475

2)

Аспаптық сканерлеу

1 зерттеп-қарау объектісі

613 825

11.

Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1 көрсетілетін қызмет

170 018 924

12.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлері мен оқыс оқиғаларын анықтау, олардың жолын кесу және зерттеу және оларды жою немесе болғызбау жөніндегі ұсынымдарды қалыптастыру

1 көрсетілетін қызмет

1 418 557 993

13.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысу

1 көрсетілетін қызмет

855 806

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2026 жылғы 1 шілдедегі
  № 53/нс бұйрығына 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қауіпсіздік комитеті
  Төрағасының
  2018 жылғы 23 қазандағы
  № 86/қе бұйрығына
  2-қосымша

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары

Р/с

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Қосылған құн салығы ескерілмеген бағасы, теңге

1

2

3

4

1.

Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйелерін техникалық қолдап отыру, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін есепке алуды, деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін жүргізу

1 көрсетілетін қызмет

3 044 008 275

2.

Ақпараттық қауіпсіздікті куәландырушы орталықты ұйымдастыру және техникалық қолдап отыру

1 көрсетілетін қызмет

132 126 913

3.

Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафигімен алмасу нүктелерін ұйымдастыру мен техникалық қолдап отыру, сондай-ақ байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу

1 көрсетілетін қызмет

270 296 083


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады