Ақтоғай ауданы әкімінің 2025 жылғы 29 шілдедегі № 3 "Ақтоғай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімінің 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 1 шешімі

      ШЕШТІМ:

      1. Ақтоғай ауданы әкімінің 2025 жылғы 29 шілдедегі № 3 "Ақтоғай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      № 395 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

      "№ 395 сайлау учаскесi

      Сайлау учаскесiнiң орталығы - Жидебай ауылдық округі, Үшарал ауылы, Бәйтерек көшесі, 2 үй. Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Әсет Болғанбайұлы атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Сайлау учаскесiнiң шекарасы: Үшарал ауылында Бәйтерек көшесіндегі № 1, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 27А, 28, 29, 30, 30/1, 31, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 39/1, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 47А, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56/2, 57, 58 үйлер және Көрпетай, Үшарал, Күнгей, Жалаңаш, Жиенбай, Нүркей, Нұртай, Дөңгелек ағаш, Қараағаш қыстақтары.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауданының әкімі А.Аманжолов

      Ақтоғай аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясымен

      "КЕЛІСІЛДІ"

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады