Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 15/147 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 52/478 шешімі

      Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 15/147 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6539-09 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай аудандық мәслихатының төрағасы Д. Сакенов

  Абай аудандық мәслихатының
2026 жылғы 29 сәуірдегі
№ 52/478 шешіміне
қосымша
  Абай аудандық мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 15/147 шешіміне
1-қосымша

Абай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленген және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидада қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтінімдерді қабылдау жұмысын ұйымдастыру және олардың нәтижелерін "бір терезе" қағидаты бойынша қызметті алушыға беру, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;

      5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі- ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

      13) цифрлық құжаттар сервисі - "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;

      14) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесі" дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;

      15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына 1 рет) өтініш берілген айдан бастап көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндердің тізбесі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан;

      2) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;

      3) Чернобыль АЭС апатты еске алу күні – 26 сәуір;

      4) Қазақстан Республикасындағы Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр;

      5) Жеңіс күні – 9 мамыр;

      6) Қарттар күні - 1 қазан;

      7) Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні – қазан айының екінші жексенбісі;

      8) Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан.

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдар бекітетін ережелер негізінде жүзеге асырады.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындаудың және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеудің тәртібі.

      7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мерекелік күндер мен атаулы күндер тізімін жергілікті өкілдік органдармен ЖАО ұсынымы бойынша бекітіледі.

      Мерекелік күндер мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек мөлшері 2,5 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды және жылына бір рет тағайындалады.

      Көптеген негіздер болған жағдайда мерекелік күндер мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек тек бір негіз бойынша тағайындалады.

      Мерекелік күндерге әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға ақшалай төлем түрінде көрсетіледі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан:

      бұрыңғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағында жауынгерлік іс - қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі - КСР Одағы) ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) 45 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      оқу-жаттығу жиындарына шақырылған және жауынгерлік іс - қимылдарын жүргізу кезеңінде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге - 45 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезеңінде осы елге жүктерді жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне - 45 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларға ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне - 45 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстанда кеңес әскери контингентіне қызмет көрсеткен, жараланған, контузия алған немесе мертіккен не бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге жауынгерлік іс - қимылдарды қамтамасыз етуге қатысқаны үшін - 45 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған және I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, сондай-ақ құрамында төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға - 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) Чернобыль АЭС апатты еске алу күні – 26 сәуір:

      1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға 45 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 45 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) Қазақстан Республикасындағы Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр:

      1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде тәжік-ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 45 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986 - 1991 жылдар кезеңінде Таулы Қарабақтағы этносаралық жанжалды реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 45 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) Жеңіс күні – 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау жөніндегі басқа да жауынгерлік операциялар кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет атқарган әскери қызметшілерге 450 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуе айлақтардың құрылыс-жайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер 450 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға 45 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына 45 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) Қарттар күні - 1 қазан:

      75 жасқа толған және одан асқан зейнеткерлерге – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні - қазанның екінші жексенбісі:

      1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар балаларға – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) Тәуелсіздік күні - 16 желтоқсан:

      1986 жылғы 17 - 18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халықтық жасақтың өміріне қол сұғушылық жасағаны үшін сотталған, оларға қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданыстағы тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда – 95 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      8. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін шекті мөлшерлері мен жүгіну мерзімдері:

      1) табиғи зілзаланың салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтірілген кезде әлеуметтік көмек адамның (отбасы мүшелерінің) табыстарына қарамастан, оқиға басталған сәттен бастап алты ай ішінде бір рет беріледі. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері-100 айлық есептік көрсеткіш;

      2) азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне өрт салдарынан залал келтірілген кезде әлеуметтік көмек адамның (отбасы мүшелерінің) табыстарына қарамастан, оқиға басталған сәттен бастап алты ай ішінде бір рет беріледі. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері-150 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;

      3) әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек:

      туберкулезден амбулаториялық емдеу кезеңіне кірісті есепке алмағанда жылына бір рет 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      балалардағы адамның иммун тапшылығы вирусы ауруы, диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын табысы есепке алынбай 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленеді;

      адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру 18 жастан асқан адамдар үшін жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселігінен аспайтын адамға біржолғы 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі;

      созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселігінен аспайтын адамға біржолғы 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі;

      қатерлі ісіктер жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселігінен аспайтын адамға біржолғы 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі;

      психикалық, мінез-құлық бұзылыстары (аурулары) жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселігінен аспайтын адамға біржолғы 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі;

      жедел миокард инфарктісі (алғашқы 6 ай) жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселігінен аспайтын адамға 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы беріледі;

      орфандық аурулар жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселігінен аспайтын адамға біржолғы 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі;

      жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселігінен аспайтын адамға біржолғы 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі;

      орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялаушы аурулары жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселігінен аспайтын адамға біржолғы 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі;

      эпилепсия жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселігінен аспайтын адамға 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы беріледі;

      цереброваскулярлық аурулар (инсульт) (1 жыл ішінде) жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселігінен аспайтын адамға біржолғы 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі;

      4) тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,0 еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы болған кезде әлеуметтік көмек біржолғы-15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі:

      анықтама негізінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға есепке қойылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға анықтама негізінде босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей;

      жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығы жоқ адамдарға;

      жасы ұлғаюына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын адамдарға;

      Әлеуметтік көмек көрсету үшін отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) негізінде есептеледі.

      Отбасының құрамы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларының 10-тармағына сәйкес айқындалады.

      Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы есепті кезеңдегі (алдыңғы тоқсандағы) отбасының жиынтық табысын көрсетілген кезеңдегі айлар санына (үш ай) және отбасы мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі.

      Осы Қағидалардың 8-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдарға, егер олар толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болмаса, әлеуметтік көмек көрсетіледі;

      5) санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасы "Ардагерлер туралы" Заңының 3-бабының 1-тармағына сәйкес ардагерлерге санаторий-курорттық ұйымда нақты болғандығы үшін 14 күннен аспайтын, бірақ белгіленген санаторий-курорттық емдеудің кепілдік берілген сомасынан аспайтын өтем түрінде, кірістерді есепке алмағанда, жылына 1 (бір) рет, растайтын құжаттар (орындалған жұмыстар актісі, шот-фактура және фискалдық төлем чегі) негізінде беріледі.

      Санаторий-курорттық емделуге арналған абилитация және оңалтудың жеке бағдарламасы (АОЖБ) әзірленген мүгедектігі бар ардагерлерге санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек төленбейді;

      6) санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына белгіленген 2,0 күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда 70 және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге беріледі.

      Көмек санаторий-курорттық ұйымда нақты болғаны үшін жолдама құнының 70%-ы 12 күннен аспайтын, бірақ мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген санаторий-курорттық емдеудің кепілдік берілген сомасынан аспайтын өтем түрінде жылына 1 рет беріледі.

      Әлеуметтік көмек 8-тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген адамдарға, сондай-ақ абилитация және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық курорттық ем алған мүгедектігі бар адамдарға көрсетілмейді.

      Өтеу қызметтердің нақты болуын және төленгенін растайтын құжаттар, оның ішінде, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісі, төлем туралы фискалдық чек және шот-фактура негізінде жүзеге асырылады;

      7) қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көп балалы отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қамқоршыларына, жалғыз тұратын қарттарға, пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын меншік иелері болып табылатын, олардың және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үй болмаған және жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған 2,0 (екі) ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жандарға беріледі.

      Әлеуметтік көмектің мөлшері өтініш берушінің қатты отын сатып алуға байланысты нақты шығындары негізге алына отырып айқындалады, бірақ жылыту маусымында 1 (бір) рет 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

      Бір жеке тұрғын үйде отын сатып алуға әлеуметтік көмек алуға құқығы бар бірнеше адам тұрған жағдайда өтемақы олардың біреуіне ғана төленеді.

      Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші жылу беру маусымы кезеңінде әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтінішпен жүгінеді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) адамның қатты отын сатып алуға жұмсаған шығындарын растайтын құжат (чектердің көшірмелері, жүкқұжат, анықтама, т. б.);

      3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

      4) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (зейнетақы куәлігі, мүгедектігі туралы анықтама, балалардың туу туралы куәлігі, жергілікті атқарушы органның қаулысы не бұйрығы);

      5) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

      6) екінші деңгейдегі банктегі немесе "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтер.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;

      8) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде Абай ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға және "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек көрсетіледі.

      Төлем күнтізбелік жылда бір рет (ағымдағы жылдың қазан айындағы жағдай бойынша) әрбір балаға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады;

      9) әлеуметтік көмек әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жылына 1 рет 1-топтағы мүгедектігі бар адам таңдаған санаторий-курорттық емделуге ілесіп жүретін адамға растайтын құжаттарымен, санаторийден анықтама, шот-фактура, төлем туралы чек, қоса бере отырып, санаторий-курорттық емделуде нақты болғаны үшін табысты есепке алмағанда құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде көрсетіледі. Ілесіп жүрушінің жол жүру шығыстарын төлеу ілесіп жүрушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады;

      10) коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға әлеуметтік көмек келесі санаттарға өтініштер талап етілмей жылына 1 рет көрсетіледі:

      басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдарының ардагерлеріне;

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға;

      1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар қатарындағы, эвакуациялау күніне жатырішілік жағдайда болған балаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасына қоныс аудару және қоныс аудару аймақтарынан эвакуацияланған (өз бетінше кеткен) адамдарға;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апат және басқа да радиациялық апаттар, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі авариялар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға және олардың балаларының мүгедектігі ата-анасының біреуінің радиациялық сәулеленуімен генетикалық байланысты болғанда.

      Әлеуметтік көмектің мөлшері 24 (жиырма төрт) айлық есептік көрсеткіш кірістер есепке алынбай, азаматтардан өтініштер талап етілмей, Мемлекеттік корпорация филиалы ұсынған тізімдер бойынша жылына бір рет қазан айында жылыту маусымында көрсетіледі.

      9. Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздердің тізбесін басшылыққа алады.

      10. Әрбір жеке жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы органдар айқындайды.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде, не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.

      12. Әлеуметтік көмек Үлгілік қағидалардың 1220 тармақтарына сәйкес тәртіппен және мерзімдерде көрсетіледі.

      13. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру жүргізуден бас тартуы, жалтаруы;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысының әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шегінен асып кеткен жағдайда;

      4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен төлемдерді тағайындау, жүзеге асыру, осы негіз бойынша әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру фактілерін растайтын мәліметтерді алу.

      14. Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына арналған Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек сомаларын Мемлекеттік корпорацияға аударады.

      Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.

      15. Әлеуметтік көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс тұрақты тұруға кетуінен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберу;

      4) өтініш берушінің ұсынған мәліметтерінің дәйексіздігі анықталғанда;

      5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіздемелердің жоғалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайда.

      Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмек төлеуге қолданылмайды.

      Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі келесі айдан бастап тоқтатылады.

      Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.

      16. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуы тиіс.

      17. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

      18. Атаулы күндер мен мереке күндеріне төленетін әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын қалыптастыру үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган зейнетақы мен жәрдемақы алатын белсенді азаматтардың мәліметтерін алуға уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға бастама жасайды.

      Зейнетақы мен әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақысын алушылар жөніндегі мәліметтер осы Үлгілік қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

      19. Әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті мемлекеттік корпорация арқылы төлеу процесіне бастама жасайды.

      20. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған әлеуметтік көмек көрсету туралы шешімнің негізінде Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек төлеуге бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады:

      біржолғы төлемдер бойынша – күн сайын;

      ай сайынғы және тоқсандық төлемдер бойынша-төлем айының алдындағы айдың 29-күніне.

      21. Сұраныс қалыптастырылғаннан кейін мемлекеттік корпорация келесі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім жібереді.

      Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады.

      Айдың 27-күнінен келіп түскен әлеуметтік көмек төлеуге қажеттілік сомалары туралы өтінімдер бойынша әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган ақшалай қаражатты мемлекеттік корпорацияға төлем айының бірінші күнінен ерте аудармайды.

      22. Мемлекеттік корпорация трансферттер түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төлем кестесіне сәйкес төлем тапсырмаларын қалыптастырады және алушылардың банктік шоттарына төлеуді жүзеге асырады.

      23. Әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан әлеуметтік көмек сомасы қайтарылған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан мәліметтер алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйеге тиісті өзгерістер енгізеді.

      24. Мемлекеттік корпорация ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік көмектің артық есептелген (төленген) сомаларын әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға аударады.

      25. Әлеуметтік көмек төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу мемлекеттік корпорация мен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады