ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының (Салық кодексі) Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың мөлшерлеме көлемінің базалық мөлшерлемесі ұлғайтыла отырып белгіленсін.
3. Қарағанды облысының Абай ауданына жататын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге базалық салық мөлшерлемесін қолдануға жақын жатқан елді мекен болып Қарағанды облысы Абай ауданының Абай қаласы белгіленсін.
4. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Абай аудандық мәслихатының төрағасы | Д.Сакенов |
| Абай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 20 ақпандағы № 46/430 шешіміне 1 қосымша |
Қарағанды облысының Абай ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттары
р/с N | Автотұрақтардың түрлерi | Санаттары |
1. | Жер үстiндегi жабық типті автотұрақтар, ашық типті автотұрақтар | 1 санат |
2. | Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттардың iшiне салынған автотұрақтар | 1 санат |
2. | Ғимараттардың астындағы, жер астындағы, жертөлелердегі, шығыңқы ірге немесе төменгі жер үсті қабаттарда орналасқан автотұрақтар | 2 санат |
| Абай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 20 ақпандағы № 46/430 шешіміне 2 қосымша |
Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге салынатын салық мөлшерлемесінің санатына қарай мөлшерлерi
р./с. N | Автотұрақтардың санаты | Мөлшерлемелер |
1. | 1 санат | 10 есе |
2. | 2 санат | 9 есе |