"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 307-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 28 тамыздағы № 399-НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 307-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35 және 36-қосымшаларда 4-бағанның тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген бұйрыққа 25-қосымшада:

      4-бағанның тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      реттік нөмері 21 жол алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады