"Креативті индустрияларға жатқызылатын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 20 қазандағы № 572-НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 20 шiлдедегi № 351-НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Креативті индустрияларға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 20 қазандағы № 572-НҚ бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген креативті индустрияларға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1-1, 1-2, 1-3, 1-4, 1-5 және 1-6 - жолдармен толықтырылсын:

      "

1-1.

63.12.0

Веб-порталдардың қызметі

1-2.

60.10.0

Радиохабарлар

1-3.

85.52.0

Мәдениет саласындағы білім беру

1-4.

73.11.0

Жарнама агенттіктерінің қызметі

1-5.

58.11.0

Кітап шығару

1-6.

58.19.0

Баспа қызметінің өзге түрлері

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-1 және 5-2 жолдармен толықтырылсын:

      "

5-1.

59.13.0

Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды тарату бойынша қызмет

5-2.

59.14.0

Кинофильмдерді көрсету бойынша қызмет

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-1 - жолмен толықтырылсын:

      "

21-1.

18.12.0

Баспа өндірісінің өзге де түрлері

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 22-1 - жолмен толықтырылсын:

      "

22-1.

16.29.3

Тоздан, сабаннан және өруге арналған материалдардан бұйымдар өндіру

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Креативті индустриялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикадық мемлекеттік кәсіпорны "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтына" ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдасын;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрінің қарауына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің орынбасары –
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және цифрлық

      даму министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Туризм және спорт министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады