"Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 387-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 10 маусымдағы № 282-НҚ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 387-НҚ "Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгілік ережені бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгілік ережеде:

      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың екінші бөлігі тек орталық мемлекеттік органдардың орталық аппаратарына және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері аппараттарына қолданылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
міндетін атқарушы
Қ. Ысқақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады