ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 11-1-4/622 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті туралы ережеде:
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер Комитетке кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы заңдармен берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Министр | Е. Көшербаев |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
