Жылу энергиясын тұтыну нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 59 бұйрығы

      "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй-жайларына жылу энергиясын тұтыну нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Нағаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Бұйрыққа қосымша

Жылу энергиясын тұтыну нормалары

Климаттық аймақ

Облыс, республикалық маңызы бар қала

Өлшем бірлігі

Ғимараттың қабаты

2

3

4,5

6,7

8,9

10, 11

12 және одан жоғары

I климаттық аймақ

Астана қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Абай облысы, Ұлытау облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы

гигакаллорий/м2

0,1333-тен 0,1859-ға дейін

0,1197-ден 0,1520-ға дейін

0,1155-тен 0,1467-ге дейін

0,1081-ден 0,1373-ге дейін

0,1027-ден 0,1303-ке дейін

0,0969-дан 0,1230-ға дейін

0,0933-тен 0,1185-ке дейін

II климаттық аймақ

Алматы қаласы, Атырау облысы, Алматы облысы, Батыс Қазақстан облысы, қызылорда облысы, Жетісу облысы

гигакаллорий/м2

0,0898-ден 0,1332-ге дейін

0,0807-ден 0,1197-ге дейін

0,0778-ден 0,1155-ке дейін

0,0729-дан 0,1081-ге дейін

0,0692-ден 0,1026-ға дейін

0,0653-тен 0,0968-ге дейін

0,0629-дан 0,0933-ке дейін

III климаттық аймақ

Шымкент қаласы, Жамбыл облысы, Маңғыстау облысы, Түркістан облысы

гигакаллорий/м2

0,0897 дейін

0,0806 дейін

0,0777 дейін

0,0728 дейін

0,0691 дейін

0,0652 дейін

0,0628 дейін

      Ескерту: осы жылу энергиясын тұтыну нормалары жылыту кезеңінде тек тұрғын үй-жайларға қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады