Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қала және ауыл елді мекендерінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға арналған шығындардың болжамды көлемдерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-миниcтріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Е. Нағаспаев |
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген |
Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға арналған шығындардың болжамды көлемдерін есептеу Әдістемесі
1. Есептеуге жататын әкімшілік көрсеткіштердің тізбесі
№ | Әкімшілік көрсеткіштің атауы | Өлшем бірлігі | Әкімшілік нысанның атауы/ақпараттың жүйесі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Республикалық, облысы, аудандық маңызы бар қаласы бойынша шығындардың жалпы көлемі | мың теңге |
Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан,. |
2 |
Қалаларда (аудандық маңызы бар) сумен жабдықтау және су бұру | мың теңге | "Қалалық елді мекендерде сумен жабдықау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етілу туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан, статистикалық ақпараттың ақпараттық сайты. |
3 | Ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға арналған шығындардың болжамды көлемі | мың теңге | "Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етілу туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан, статистикалық ақпараттың ақпараттық сайты. |
2. Әкімшілік көрсеткіштерді есептеу алгоритмі
1) Республикалық, облысы, аудандық маңызы бар қаласы бойынша шығындардың жалпы көлемі
1 | Әкімшілік көрсеткіштің анықтамасы (ұғымдар аппараты) | Республикалық, облысы, аудандық маңызы бар қаласы бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне шығындардың жалпы көлемі |
2 | Әкімшілік көрсеткіш бойынша жедел, алдын ала және есепті деректерді қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері | Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-іне дейін кешіктірмей, жинақтық қорытындымен. |
3 | Әкімшілік көрсеткіш бойынша есепті деректерді орналастыру орны мен ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып ақпарат дереккөздері (веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып) |
"Сумен жабдықтау және су бұру саласында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 481 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18993 болып тіркелген) құжат Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады. |
4 | Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің нақты және анық реттілігін көрсететін әкімшілік көрсеткіштің алгоритмі |
мұнда: Rg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың (аудандық маңызы бар) бюджетінде қалаларда сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға арналған шығындардың жалпы көлем, (мың теңге); Rs – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың (аудандық, маңызы бар) бюджетіндегі ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға арналған шығындардың жалпы көлемі, (мың теңге); |
2) Қалаларда (аудандық маңызы бар) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға арналған шығындардың болжамды көлемі
1 | Әкімшілік көрсеткіштің анықтамасы (ұғымдар аппараты) | Келешектегі қаржылық қажеттілікті анықтау процесі, республикалық маңызы бар, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда сумен жабдықтау және су бұру нысандарын салу, реконструкциялау және жаңғырту үшін қажетті қаржылық ресурстарды анықтауды білдіреді. |
2 | Әкімшілік көрсеткіш бойынша жедел, алдын ала және есепті деректерді қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері | Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-іне дейін кешіктірмей, жинақтық қорытындымен. |
3 | Әкімшілік көрсеткіш бойынша есепті деректерді орналастыру орны мен ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып ақпарат дереккөздері (веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып) |
"Сумен жабдықтау және су бұру саласында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 481 бұйрығы, 2-қосымша "Қалалық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етілу туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады. |
4 | Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің нақты және анық реттілігін көрсететін әкімшілік көрсеткіштің алгоритмі |
мұнда: Rg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың (аудандық маңызы бар) бюджетінде қалаларда сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға арналған шығындардың жалпы көлем, (мың теңге); Pi– облыста, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада (аудандық маңызы бар) тұратын және тіркелген қала халқының саны (адамдар), ресми статистикалық ақпарат көзі – БНС АСПИР.; Ptotal – ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес республика бойынша (аудандық маңызы бар) қалаларда тұратын халықтың жалпы саны (адамдар), ресми статистикалық ақпарат көзі – БНС АСПИР.; Ftotal – нысаналы даму трансферттері арқылы сумен жабдықтау объектілерінің соңғы 3 қаржыландырылған есепті жыл үшін бюджет қаражатының жалпы көлемі, (мың теңге) ақпарат көзі ҚМ ҚР Ki – қалалардағы сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне орташа қолжетімділік (%); Si – облыстағы қалалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың (аудандық маңызы бар) саны, ресми статистикалық ақпарат көзі – БНС АСПИР.; S total –республикадағы (аудандық маңызы бар);қалалар саны, ресми статистикалық ақпарат көзі – БНС АСПИР.; Қамтамасыз ету деңгейінің коэффициенттері (Кі) және елді мекендердіңсаны (Si) аумақтардың алшақтығы немесе құрылыс салу тығыздығы сияқты ерекше қажеттіліктері негізінде соманы түзетуге көмектеседі, бұл сумен жабдықтаудың құны мен күрделілігіне әсер етеді Hi – сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы (%); H total –сумен жабдықтау және су бұру желілерінің орташа тозуы (%); Желінің тозуы (Ні) әрбір өңірдегі сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инфрақұрылым мен ағымдағы проблемаларды талдауға негізделеді. |
3) Ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға арналған шығындардың болжамды көлемі
1 | Әкімшілік көрсеткіштің анықтамасы (ұғымдар аппараты) | Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру нысандарын салу, реконструкциялау және жаңғырту үшін қажетті қаржылық ресурстарды анықтау процесі. |
2 | Әкімшілік көрсеткіш бойынша жедел, алдын ала және есепті деректерді қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері | Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-іне дейін кешіктірмей, жинақтық қорытындымен. |
3 | Әкімшілік көрсеткіш бойынша есепті деректерді орналастыру орны мен ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып ақпарат дереккөздері (веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып) |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 481 бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етілу туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады: |
4 | Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің нақты және анық реттілігін көрсететін әкімшілік көрсеткіштің алгоритмі |
мұнда: Rs – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың (аудандық, маңызы бар) бюджетіндегі ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға арналған шығындардың жалпы көлемі (мың теңге); Pi– облыста, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада (аудандық маңызы бар) тұратын және тіркелген қала халқының саны (адамдар), ресми статистикалық ақпарат көзі – БНС АСПИР.; Ptotal – ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес республика бойынша (аудандық маңызы бар) қалаларда тұратын халықтың жалпы саны (адамдар), ресми статистикалық ақпарат көзі – БНС АСПИР.; Ftotal – нысаналы даму трансферттері арқылы сумен жабдықтау объектілерінің соңғы 3 қаржыландырылған есепті жыл үшін бюджет қаражатының жалпы көлемі, (мың теңге) ақпарат көзі ҚМ ҚР Ki – қалалардағы сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне орташа қолжетімділік (%); Si – облыстағы қалалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың (аудандық маңызы бар) саны, ресми статистикалық ақпарат көзі – БНС АСПИР.; S total –республикадағы (аудандық маңызы бар);қалалар саны, ресми статистикалық ақпарат көзі – БНС АСПИР.; Қамтамасыз ету деңгейінің коэффициенттері (Кі) және елді мекендердіңсаны (Si) аумақтардың алшақтығы немесе құрылыс салу тығыздығы сияқты ерекше қажеттіліктері негізінде соманы түзетуге көмектеседі, бұл сумен жабдықтаудың құны мен күрделілігіне әсер етеді Hi – сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы (%); H total –сумен жабдықтау және су бұру желілерінің орташа тозуы (%); Желінің тозуы (Ні) әрбір өңірдегі сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инфрақұрылым мен ағымдағы проблемаларды талдауға негізделеді. |
3. Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға арналған шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде Су кодексінің 104-бабына сәйкес сумен жабдықтау жүйелеріне жүргізілген техникалық аудит қорытындысының және тиісінше Су кодексінің 103-бабына сәйкес елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытудың бекітілген жоспарының болуы ескеріледі.
4. Ауылдық елді мекендерде су бұру жөніндегі жобаларды қаржыландыру халықты сумен жабдықтаумен 100% қамтамасыз етуге қол жеткізілгеннен кейін қаралатын болады.
5. Ауылдық елді мекендерде кәріс тазарту құрылысы жөніндегі жобаларды іске асыруға қаржы қаражатын бөлу кезінде нысаналы пайдаланылмаған деп есептелетін болады.
6. Мәслихаттың облыстық бюджет (облыс, республикалық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл) туралы шешім жобасын бекітуге дейін жергілікті атқарушы орган қаржыландыруға енгізілген жобалардың тізбесін, нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тозу деңгейі бойынша мәліметтерді тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органмен келіседі.

