"Жаркент қаласының көшесіне атау беру туралы"

Жаңа

Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2026 жылғы 3 шілдедегі № 8-62-286 бірлескен шешімі және Жетісу облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 3 шілдедегі № 342 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 2026 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес және Жаркент қаласы халқының пікірін ескере отырып, 2026 жылдың 12 маусымындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаркент қаласының 3-ықшам ауданындағы №14 көшеге "Сұлтан Мұсаев" атауы берілсін.

      2. "Жаркент қаласының көшесін қайта атау туралы" Панфилов аудандық мәслихатының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 8-61-283 шешімі және Панфилов аудандық әкімдігінің 2026 жылғы 24 маусымдағ № 333 қаулысы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 226899 болып жарияланған) жойылсын.

      3. Осы бірлескен Панфилов аудандық мәслихатының шешімі мен Панфилов аудан әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихатының "Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік саясат, спорт, жастар ісі мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен Панфилов аудандық мәслихатының шешімі және Панфилов ауданының әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Е. Шоқпаров
      Аудан әкімі М. Сағымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады