"Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 553 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 20 тамыздағы № 227-НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 553 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 149) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлуде:

      тақырып атауының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасындағы функцияларды бөлу (бұдан әрі – функцияларды бөлу) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 149) тармақшасына сәйкес және жергілікті атқарушы органдар білім беру саласындағы өздеріне жүктелген функцияларды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және бақылауындағы білім бөлімдері арқылы іске асыру мақсатында әзірленді.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) білім беру саласындағы уәкілетті орган – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 53-1) және 53-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "53-1) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша республикалық деңгейдегі жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаларға, ғылыми жобалар конкурстарына өңірлік жеңімпаздар болып табылатын білім алушылардың қатысуын қамтамасыз етеді;

      53-2) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша республикалық деңгейдегі орындаушылар конкурстарына, спорттық жарыстарға, сондай-ақ республикалық және (немесе) халықаралық деңгейдегі кәсіби шеберлік конкурстарына өңірлік жеңімпаздар болып табылатын білім алушылардың қатысуын қамтамасыз етеді;";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 50-1) және 50-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "50-1) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша республикалық деңгейдегі жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаларға, ғылыми жобалар конкурстарына өңірлік жеңімпаздар болып табылатын білім алушылардың қатысуын қамтамасыз етеді;

      50-2) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша республикалық деңгейдегі орындаушылар конкурстарына, спорттық жарыстарға, сондай-ақ республикалық және (немесе) халықаралық деңгейдегі кәсіби шеберлік конкурстарына өңірлік жеңімпаздар болып табылатын білім алушылардың қатысуын қамтамасыз етеді;".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді, сондай-ақ әділет органдарын хабардар етуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
Ш. Акпарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады