"Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 337 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 19 тамыздағы № 223-НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 337 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      15-тармақта:

      5) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:

      "5) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеуге қатысу;";

      мынадай мазмұндағы 89-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "89-3) орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану қағидаларын әзірлеу;".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді, сондай-ақ осындай актінің қабылданғаны туралы әділет органдарына хабарлауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды заңнамада белгіленген мерзімде қабылдауды қамтамасыз етcін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Қазақстан Республикасы
      Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Ш. Ақпарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады