ЗҚАИ-ның ескертпесі
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 337 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
66) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"66) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу;";
86) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"86) білім беру жүйесін басқару органдарын цифрлық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 89-1) және 89-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"89-1) халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидаларын әзірлеу;
89-2) оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын, сондай-ақ оны ендіру қағидалары мен шарттарын әзірлеу;";
91) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"91) орта білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдау;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
7) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"7) білім беру жүйесін басқару органдарын балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша цифрлық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;";
85) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"85) мемлекеттік бақылау шараларының нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кіретін баптар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қолдану, оларды қозғау және сот органдарына жолдау, сот отырыстарына қатысу;";
мынадай мазмұндағы 86-1) тармақшамен толықтырылсын:
"86-1) балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жоспарлы тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын әзірлеу;";
95) және 96) тармақшалар мынадай мазмұнда жазылсын:
"95) Комитет құзыреті шеңберінде білім беру сапасына халықаралық салыстырмалы зерттеулер жүргізуді үйлестіруді және білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындауды, сондай-ақ "Ұлттық білім беру деректер қоры" цифрлық жүйесін қалыптастыру, қолдау, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста қатысу;
96) Комитет құзыреті шеңберінде "Ұлттық білім беру деректер қоры" цифрлық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеуге қатысу";
98) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"98) цифрлық саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Комитеттің құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және цифрландыру бойынша шаралар қабылдау;
100-2) тармақша алынып тасталсын;
100-3) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"100-3) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, буллингке ұшыраған, сондай-ақ зорлық көрген көріністерге куә болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету және оны анықтау ережелерін әзірлеу;";
100-7) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"100-7) Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны құру және оның қызметін жүзеге асыру ережелерін әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 100-8), 100-9), 100-10), 100-11), 100-12), 100-13), 100-14), 100-15) және 100-16) тармақшалармен толықтырылсын:
"100-8) Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттерінің типтік қызмет ережелерін әзірлеу;
100-9) педагогтердің кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, зорлық-зомбылықтың, қатыгез қарым-қатынас (буллинг) фактілерінің алдын алу мәселелері бойынша біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
100-10) Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережелерін әзірлеу оны өту мерзімдерін белгілеу;
100-11) Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерлерін бекітілген үлгідегі киіммен қамтамасыз ету және оны кию ережелерін әзірлеу;
100-12) Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту ережелерін әзірлеу;
100-13) білім беру ұйымдарында ерекше бақылауды қажет ететін кәмелетке толмағандарға педагогикалық қолдау көрсету ережелерін әзірлеу;
100-14) білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілерінде заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға, оларға моральдық негіздер мен салауатты өмір салтын үйретуге бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу;
100-15) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар тарапынан қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы деректерді мемлекеттік органдардың цифрлық объектілері арқылы өзара әрекеттесу арқылы тексеру;";
100-16) Балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдау;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
4) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"4) рухани білім беруге арналған жұмыс істеу қағидаларына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы білім беру қызметімен айналысуға лицензиялауды электрондық түрде жүзеге асыру;";
6) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"6) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде:
мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту;
бастауыш білім беру;
негізгі орта білім беру;
жалпы орта білім беру;
кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсыну үшін білім беру;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру қызметiмен айналысуға лицензиялауды жүзеге асыру бойынша жұмысын үйлестіру;";
10) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"10) лицензиарларды, лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және оларды рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу;";
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын әзірлеу;";
23) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"23) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін цифрландыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;";
31) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"31) орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің тізбесін, оның ішінде цифрлық нысанда қалыптастыру;";
42) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"42) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;";
49) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"49) білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, академиялық білімін, мәтінді түсіну сапасын және компьютерлік және цифрлық сауаттылығын бағалау, сондай-ақ мұғалімдердің жұмыс жағдайын бағалау бойынша халықаралық зерттеулер жүргізуді үйлестіру;";
50) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"50) "Ұлттық білім беру дерекқоры" цифрлық жүйесін қалыптастыру, қолдап отыру, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және оның киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеуге қатысу;";
51) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"51) білім беру саласындағы цифрландыру объектілеріне қойылатын ең төмен талаптарды әзірлеуге қатысу;";
59) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"59) білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдау;".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді, сондай-ақ осындай актінің қабылданғаны туралы әділет органдарына хабарлауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды заңнамада белгіленген мерзімде қабылдауды қамтамасыз етcін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық:
1) қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырықыншы, елу алтыншы, елу жетінші, жетпісінші, жетпіс бірінші абзацтарын қоспағанда;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының қырық жетінші абзацын қоспағанда 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Ж. Сүлейменова |
