"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу және жүзеге асыру туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 73-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 168/НҚ бірлескен бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 31.12.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. 2026 жылғы 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаның (бұдан әрі – пилоттық жоба) құжаттарды қабылдау және балаларды "1" сыныпқа қабылдау бөлігінде жүзеге асырылсын.

      2. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өңірлер бойынша 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау кестесі бекітілсін.

      3. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп:

      1) 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижелері бар хаттамаларды алуды;

      2) "OQU" Ұлттық білім беру платформасын (бұдан әрі – "OQU" ҰБП) мемлекеттік деректер базаларымен және ақпараттық жүйелермен интеграциялауды;

      3) "OQU" ҰБП-ның Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестігі жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) пилоттық жобаны іске асыру мақсатында:

      1) "OQU" ҰБП-да Үлгілік қағидаларға сәйкес құжаттарды қабылдау және балаларды 1-сыныпқа қабылдау функционалының дайындығын;

      2) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларының, білім беру ұйымдарының жауапты тұлғалары үшін қажетті қолжеткізулерді;

      3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгiнiң Орта бiлiм беру комитетiмен және Мемлекеттiк қызметтердi цифрландыру және автоматтандыру департаментiмен, "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" бiлiм берудi зерттеу және бағалау ұлттық орталығы" акционерлiк қоғамымен және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, пилоттық жоба бойынша құжаттарды қарауға жауапты білім беру ұйымдарының мамандарына "OQU" ҰБП-ны қолдану жөнiнде оқыту жүргiзуді қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті, Орта білім беру комитеті, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы, "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) және жергілікті атқарушы органдар пилоттық жобаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы бекіткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, сондай-ақ әділет органдарын хабардар ете отырып жіберуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      7. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту және Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрлеріне жүктелсін.

      8. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді және 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
__________Ж. Мәдиев
      Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
__________Ж. Сүлейменова

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Жасанды
интеллект және цифрлық
даму министрінің
2026 жылғы 1 сәуірдегі
№ 168/НҚ және
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 73-НҚ бірлескен бұйрығына
1-қосымша

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметі бойынша пилоттық жобаның құжаттарды қабылдау және балаларды "1" сыныпқа қабылдау бөлігін жүзеге асыру алгоритмі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметі бойынша пилоттық жобаның құжаттарды қабылдау және балаларды "1" сыныпқа қабылдау бөлігін жүзеге асыру алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – Қызмет) пилоттық жоба шеңберінде көрсету кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, білім беру ұйымдарының және ақпараттандыру объектілерінің өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.

      2. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

      2) көрсетілетін қызметті алушы – баланың ата-анасы немесе заңды өкілі;

      3) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) – мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай нүктесі;

      4) "Ұлттық білім беру деректер қоры" (бұдан әрі – ҰБДҚ) ақпараттық жүйесі – білім алушылар контингентін есепке алу жүйесі;

      5) "OQU" Ұлттық білім беру платформасын" (бұдан әрі - "OQU" ҰБП) – білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің ҰББДҚ-ның бір бөлігі болып табылатын бірыңғай мемлекеттік платформасы;

      6) ақпараттандыру объектілері – өтініштер мен құжаттарды қабылдауды, сондай-ақ Қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ЭҮП және "OQU" ҰБП.

2-тарау. Пилоттық жобаны жүзеге асыру тәртібі

      3. Пилоттық жоба:

      1) "Мемлекеттік және жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;

      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін құжаттарды қабылдау және балаларды "1" сыныпқа қабылдау бөлігі бойынша көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне;

      3) осы бірлескен бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және осы білім беру ұйымында оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар көрсетілетін қызметті алушының өтініші негізінде бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады.

      Баланы жалпы білімнің бастауыш білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын басқа білім беру ұйымының бірінші сыныбына қабылдау үшін құжат тапсырғысы келетін көрсетілген қызметті алушылар құжаттарды Үлгілік қағидалардың 11-тармағына сәйкес жалпы негізде тапсырады.

      5. Электрондық нысанда Қызметті алуға бір мезгілде өңделетін өтінімдердің рұқсат етілген шекті санына қол жеткізілген жағдайда, жаңа көрсетілетін қызметті алушылар автоматты түрде кезектегі өз позициясын қадағалау мүмкіндігімен "Күту бөлмесіне" жіберіледі.

      Кезегі келген кезде көрсетілетін қызметті алушы "Күту бөлмесінен" Қызметті алу үшін автоматты түрде басты бетке бағытталады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы бірінші сыныпқа қабылдау бөлігінде берілген және Қызмет көрсету бойынша оң нәтиже алған өтінішті электрондық нысанда кері қайтарып ала алады.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан Қызметті алуға өтініштер мен құжаттарды қабылдауы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшада белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Жасанды
интеллект және цифрлық
даму министрінің
2026 жылғы 1 сәуірдегі
№ 168/НҚ және
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 73-НҚ бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Өңірлер бойынша 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау кестесі

Кезең

Өңірлер

27 мамыр – 31 тамыз

Астана қаласы, Абай облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысы

10 маусым – 31 тамыз

Алматы қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы

18 маусым – 31 тамыз

Алматы облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Шымкент қаласы

29 маусым – 31 тамыз

Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады