"Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | С. Нұрбек |
| Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 4 наурыздағы № 113 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу
№ | Мемлекеттік орган | Стипендия | |
Студенттер | Магистранттар | ||
1. | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі | 1036 | 5 |
2. | Қазақстан Республикасының Мәдиниет және ақпарат министрлігі | 15 | 1 |
3. | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | 2 | 0 |
4. | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі | 27 | 2 |
Барлығы | 1080 | 8 | |
