Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Білім туралы" Заңдарына сәйкес, Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, Сәтбаев қаласының барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) мынадай мөлшерде жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін:
1) кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін – балалардың жол жүру құны (барлық бағыттар бойынша) – қолданыстағы тарифтің 50 пайызын төлеумен (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
2) әлеуметтік көмек көрсетілетін мына азаматтар санатына жалпы білім беру оқу орындарының біріншіден он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда, кәсіби мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларына – тегін жол жүру (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда):
жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
даму мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедектігі бар балалар, мүгедектігі бар адамдар және бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;
көп балалы отбасылардың балалары;
кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарындағы балалар;
жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
дарынды балаларға арналған немесе әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;
толық емес отбасынан шыққан балалар.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы | Қ. Балмағамбетов |
