Жезқазған қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2026 жылғы 17 маусымдағы № 45/252 шешімі

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3 тармағының 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде №24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жезқазған қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Р.Қапарова

  2026 жылғы 17 маусымдағы
№45/252 шешіміне
қосымша

Жезқазған қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға арналған тарифтер

р/с

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығымен)

1

Тұрғын үйлері абаттандырылған үйлердің тұрғындары үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау тарифі

1 тұрғын, айына

660

2

Тұрғын үйлері абаттандырылмаған үйлердің тұрғындары үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау тарифі

1 тұрғын, айына

726

3

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару тарифі

1 м3

3960

4

Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму және сұрыптау

1 м3

100


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады