Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы" Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 51/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі № 47-20 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлытау облысының әкімі | Д. Рыспеков |
| Ұлытау облысы әкімдігінің 2026 жылғы " 13 " 05 № 44/03 қаулысына қосымша |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесі және тізбесі
№ | Тауардың атауы | Шекті сауда үстемесі (жеткізу құнын қоса алғанда, сатып алу бағасынан артық емес) % |
1 | Бірінші сортты бидай ұны | 15 |
2 | Бірінші сортты бидай ұнынан жасалған нан (пішінді) | 15 |
3 | Рожки (өлшеніп салынатын) | 15 |
4 | Қарақұмық жармасы (дән) | 15 |
5 | Тазартылған күріш (домалақ дәнді) | 15 |
6 | Картоп | 15 |
7 | Асханалық сәбіз | 15 |
8 | Басты пияз | 15 |
9 | Ақ қауданды қырыққабат | 15 |
10 | Қызанақ ("шие", "жүзім" сорттарынан басқа) | 15 |
11 | Қияр ("корнишондар" сортынан басқа) | 15 |
12 | Алма | 15 |
13 | Ақ қант – құмшекер | 15 |
14 | Күнбағыс майы | 15 |
15 | Сүйегі бар сиыр еті | 15 |
16 | Сүйексіз сиыр еті | 15 |
17 | Тартылған ет | 15 |
18 | Қой еті, оның ішінде сүйексіз | 15 |
19 | Жылқы еті, оның ішінде сүйексіз | 15 |
20 | Жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық (табан, мөңке, көксерке, тұқы, сазан) | 15 |
21 | Тауық еті (тауық жамбасы, сирағы, сан еті) | 15 |
22 | Тауық (ұшасы) | 15 |
23 | Майлылығы 2,2-6% пастерленген, ультра пастерленген, зарарсыздандырылған сүт дәмдік қоспалары жоқ (лактозасызды қоспағанда) | 15 |
24 | Майлылығы 2-3 % айран (лактозасызды қоспағанда) | 15 |
25 | Қаймақ (лактозасызды қоспағанда) | 15 |
26 | Майлылығы 5-9% сүзбе (лактозасызды қоспағанда) | 15 |
27 | Майлылығы 40-50% қатты, жарлытай қатты ірімшік | 15 |
28 | Сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5%-дан 80%-ға дейін, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ) | 15 |
29 | Тауық жұмыртқасы (I санатты) | 15 |
30 | Қара шай (дәмдік қоспалары жоқ, пакеттелгендерден басқа) | 15 |
31 | Ac тұзы ("Экстра"-дан басқа) | 15 |