Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 14 мамырдағы № 116 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Актас Энерджи" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы аумағындағы шаруашылық субъектілерінің жерлерінен 35 кВ ВЛ салу және қызмет көрсету үшін жалпы алаңы 553,4874 гектар жер учаскесінде 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Актас Энерджи" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне әуе желісінің құрылысын жүргізуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және әуе желісінің құрылысын жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы К. Толеубеков

  Аудан әкімдігінің 2026 жылғы
" 14 " мамырдағы №116
қаулысына қосымша

35 кВ ВЛ салу және қызмет көрсету үшін

Жер учаскесін бөліп беру шекараларында беріледі, барлығы


Оның ішінде:

Барлығы

егістік

Жайылым

Шабындық

Басқалар

"Актас Энерджи"
06-093-037-022

15,4378




15,4378

Тлеулиева Толкын Турсыновна
06-093-037-007

14,3763


14,3763



Султанов Галымбек Турарович 06-093-037-006

36,3261


36,3261



Жер қоры

467,3472




467,3472

Барлығы:

533,4874


50,7024


482,7850


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады