"Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендеріндегі жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 5 қазандағы № 7-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы мәслихатының 2026 жылғы 30 шілдедегі № 35-6 шешімі

      Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 5 қазандағы №7-7 "Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендеріндегі жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      осы шешіммен бекітілген Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендеріндегі жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік Қағидаларындағы:

      39, 58 және 59 тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "39. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.";

      "58. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда – бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады.";

      "59. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесіне келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелері есептейді.".

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың экология, өнеркәсіп, құрылыс, табиғи ресурстар, агроөнеркәсіпті және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Облыстық мәслихат төрағасы А. Нұралиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады