Ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы мәслихатының 2026 жылғы 5 мамырдағы № 33-7 шешімі

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 26-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің "Ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2025 жылғы 22 тамыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2025 жылғы 28 тамызда № 36700 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жамбыл облысы бойынша субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері төмендегідей бектілсін:

      қосылған құн салығын ескере отырып, ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін - 71 теңге;

      қосылған құн салығын ескере отырып, ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін - 96 теңге.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың төрағасы А. Нұралиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады