"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 31 тамыздағы № 348 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 133 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      17-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының орынбасарларын, Комитеттің мемлекеттік қызметшілерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;";

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Комитет басшысының орынбасарларына, Комитеттің мемлекеттік қызметшілеріне еңбек демалыстарын беру, іссапарға жіберу, сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру мәселелерін шешеді;";

      5) Комитет басшысының орынбасарларын, Комитеттің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу және тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселелерін шешеді;".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады