Жамбыл облысы Жамбыл ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік бағыныстылығын және ауылдық округтердің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл облысы әкімдігінің 2026 жылғы 5 мамырдағы № 88 бірлескен қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2026 жылғы 5 мамырдағы № 33-5 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес:

      1) Жамбыл ауданы Айша бибі ауылдық округінің әкімшілік бағынысына Бәйтерек ауылының аумағы енгізілсін және оның әкімшілік бағыныстылығы өзгертілсін;

      2) Жамбыл ауданы Аса ауылдық округінің әкімшілік бағынысына Құмтиын ауылының аумағы енгізілсін және оның әкімшілік бағыныстылығы өзгертілсін;

      3) Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімшілік бағынысына Сеңгірбай ауылының аумағы енгізілсін және оның әкімшілік бағыныстылығы өзгертілсін. 2. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихаты шешімінің қосымшасына сәйкес:

      1) Жамбыл ауданы Бәйтерек ауылының жалпы көлемі 198,0 гектар жерін Айша бибі ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен Айша бибі ауылдық округі шекарасының жалпы көлемі 3309,5641 гектар болып өзгертілсін;

      2) Жамбыл ауданы Құмтиын ауылының жалпы көлемі 282,0 гектар жерін Аса ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен Аса ауылдық округі шекарасының жалпы көлемі 2959,8 гектар болып өзгертілсін;

      3) Жамбыл ауданы Сеңгірбай ауылының жалпы көлемі 195,0 гектар жерін Қарасу ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен Қарасу ауылдық округі шекарасының жалпы көлемі 2186,3535 гектар болып өзгертілсін;

      4) Жамбыл ауданы Құмтиын ауылының жалпы көлемі 282,0 гектар жерін Аса ауылдық округінің шекарасына қосу, Сеңгірбай ауылының жалпы көлемі 195,0 гектар жерін Қарасу ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен Қаракемер ауылдық округі шекарасының жалпы көлемі 1682,59 гектар болып өзгертілсін.

      3. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігі қаулысының және Жамбыл облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің міндетін атқарушы Н. Календеров
      Облыстық мәслихаттың төрағасы А. Нұралиев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2026 жылғы "05" мамырдағы
№ 88 қаулысы мен

  Жамбыл облыстық мәслихатының
2026 жылғы "05" мамырдағы
№ 33-5 шешіміне қосымша

Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Айша бибі, Аса, Қарасу және Қаракемер ауылдық округтері жерлерінің экспликациясы

Жерлердің атауы

Жалпы ауданы (гектар)

оның ішінде:

Бөгде жер (гектар)

Шекарасы өзгертілгеннен кейінгі жалпы көлемі (гектар)

егістік (гектар)

көп жылдық екпелер (гектар)

шабындық (гектар)

жайылым (гектар)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Жамбыл ауданы Айша бибі ауылдық округінің бекітілген шекарасы

3111,5641

364

5

0

2541,35

201,2141

3309,5641

2

Жамбыл ауданы Айша бибі ауылдық округінің шекарасына толық қосылатын Бәйтерек ауылы жерлерінің жер көлемі

198

8

1

0

162

27


3

Жамбыл ауданы Аса ауылдық округінің бекітілген шекарасы

2677,8

622,51

0

39

1491,29

525

2959,8

4

Жамбыл ауданы Аса ауылдық округінің шекарасына толық қосылатын Құмтиын ауылы жерлерінің жер көлемі

282

21

4

14

174

69


5

Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округінің бекітілген шекарасы

1991,3535

59

8

0

1806,3535

118

2186,3535

6

Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округінің шекарасына толық қосылатын Сеңгірбай ауылы жерлерінің жер көлемі

195

4

0

0

171

20


7

Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округінің бекітілген шекарасы

2159,59

168,29

9

14

1805,53

162,77

1682,59

8

Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округінің құрамынан толық шығарылатын Сеңгірбай және Кұмтиын ауылдарының жер көлемі

477

25

4

14

345

89



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады