"Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 349 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 283 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21164 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оның мемлекеттік және орым тілдеріндегі мәтінін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Ертаев

  Бұйрыққа қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Еңбек және халықты әлеуметтік
  қорғау министрінің
  2020 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 349 бұйрығымен бекітілген

Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтері

      1. Осы Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтер (бұдан әрі – сандық құрам нормативтері) еңбекті қорғауды басқару жүйесін ұйымдастыруды, үйлестіруді және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын айналысатын еңбекті қорғау қызметі жұмыскерлерінің қажетті нормативтік сандық құрамын айқындау және негіздеу, сондай-ақ еңбекті қорғау қызметі жұмыскерлері арасында жұмыстарды ұтымды бөлу мақсатында әзірленді.

      2. Сандық құрам нормативтері ұйымдық-құқықтық нысанына, меншік нысанына және экономикалық қызмет түріне қарамастан барлық жұмыс берушілерге қолданылады.

      3. Осы сандық құрам нормативтері:

      1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құру кезінде;

      2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі жұмыскерлерінің сандық құрамын айқындау кезінде;

      3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі жұмыскерлерінің сандық құрамын қайта қарау кезінде қолданылады.

      4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі жұмыскерлерінің сандық құрамын жұмыс беруші мынадай сандық құрам нормативтеріне сәйкес айқындайды:

Р/с

Ұйым жұмыскерлерінің орташа жылдық саны, бірлік

Сан нормативтері, бірлік

1

до 50

0,5

2

51-100

1

3

101-150

1,5

4

151-200

2

5

201-250

2,5

6

251-300

3

7

301-350

3,5

8

351-400

4

9

401-450

4,5

10

451-500

5

11

500-1000

5,5

12

1001-1500

6

13

1501-2000

6,5

14

2001-2500

7

15

2501-3000

7,5

16

3001-3500

8

17

3501-4000

8,5

18

4001-4500

9

19

4501-5000

9,5

20

5001 и свыше

10

      Ескертпе:

      "Дейін" деп көрсетілген сандық мәндердің шекті мөлшерлері қоса алғанда деп түсініледі.

      Бүтін емес мәні бар сан нормативтері көрсетілген шекті мәннен кем емес санды анықтайды.

      0,5 мәні еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндетті басқа маманға жүктеуді немесе қызмет ерекшелігін ескере отырып, жеке бір маманды бекітуді білдіреді. Мәні 1,5, 2,5, 3,5, 4,5, 5,5, 6,5, 7,5, 8,5 және 9,5 жұмыс берушінің қызметтің ерекшелігін ескере отырып, қажеттілікті толығымен дөңгелектеу арқылы өз бетінше анықтау мүмкіндігін білдіреді.

      Еңбекті қорғау қызметі жұмыскерлерінің саны (Ч) мына формула бойынша есептеледі:

     


      мұндағы Ч – жұмыскерлердің саны, адам;

      Фn – бір жұмыскердің бір жылдағы жұмыс уақытының пайдалы қоры. Бір жылдағы жұмыс күндерінің оның орташа ұзақтығына туындысы ретінде айқындалады.

      Tн – нормаланатын жұмыстың жылдық еңбек сыйымдылығы, адам-сағ.;

      Нормаланатын жұмыстардың жылдық еңбек сыйымдылығы (Тн) орындалатын жұмыстың әр түрінің көлемін ескере отырып мынадай формула бойынша айқындалады:

     


      мұндағы Hврi – жұмыстың нақты нормаланатын түрін орындаудың уақыт нормалары, адам-сағ.;

      Vi – жыл ішінде орындалатын нақты жұмыс түрінің көлемі i = 1, 2, ..., n- орындалған жұмыс түрлері.

      Жұмысты орындау уақытының нормативі (Нвр) мынадай формула бойынша айқындалады:

     


      Мұндағы Нвр – нақты бір жұмыс түрін (функцияны) орындау уақыты, адам-сағ.;

      Ton – норматив бойынша белгіленген нормаланатын жұмысты орындау уақытының нормативі, адам-сағ.;

      К – жұмыс орнына ұйымдық-техникалық қызмет көрсетуге, демалысқа (жұмысты орындау кезінде мәжбүрлі үзілістерді, гимнастикалық жаттығуларды қосқанда) және жеке қажеттіліктерге, сондай-ақ дайындық-қорытынды жұмыстарға кететін уақытты жедел уақыттың пайыздық қатысынан ескеретін коэффициент. Жұмыскерлердің жұмыс уақытын хронометражды қадағалауды талдау нәтижелері бойынша К жедел уақыт көлемінің 10%-ына тең болып қабылданады.

      5. Жұмыскерлер санының нормативтерін қайта қарау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1036 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12736 болып тіркелген) Қызметтің барлық салалары үшін бірыңғай салааралық, салааралық үогілік немесе үлгілік еңбек нормалары мен нормативтерін әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады