"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомстволық статистикалық байқауларының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 114 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 245 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомстволық статистикалық байқау нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары - Премьер-Министрдің орынбасарының 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34313 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "202_ жылғы _______ (айда) еңбек делдалдығына жүгінген азаматтардың саны туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанында:

      екінші және үшінші жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

"Мансап орталықтары, еңбек мобильділігі орталықтары, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары және "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ (бұдан әрі – "ЕРДО" АҚ) ұсынады
Представляют карьерные центры, центры трудовой мобильности, местные исполнительные органы по вопросам социальной защиты и занятости населения столицы, областей, городов республиканского значения и АО "Центр развития трудовых ресурсов" (далее – АО "ЦРТР")

Ұсыну мерзімі – мансап орталықтары есепті айдан кейінгі айдың 2-күні; еңбек мобильділігі орталықтары есепті айдан кейінгі айдың 4-күні; астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары есепті айдан кейінгі айдың 6-күні; "ЕРДО" АҚ Еңбекминіне – есепті айдан кейінгі айдың 8-күн
Срок представления – карьерные центры – 2-го числа после отчетного месяца; центры трудовой мобильности – 4-го числа после отчетного месяца; местные исполнительные органы по вопросам социальной защиты и занятости населения столицы, областей, городов республиканского значения – 6-го числа после отчетного месяца; АО "ЦРТР" в МТСЗН – 8-го числа после отчетного месяца"

      ";

      аталған бұйрықпен бекітілген "202__ жылғы _______ (ай) ішінде еңбек делдалдығына жүгінген азаматтардың саны туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықта (индексі 1-Т (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі айлық):

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, астанада, республикалық маңызы бар қалада, облыстық маңызы бар қалада оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;";

      аталған бұйрықпен бекітілген "Жасырын жұмыссыздық туралы мәліметтер (қысқартылған және ішінара жұмыспен қамтылған қызметкерлер, жалақы бойынша берешек туралы)" ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанында (индексі 3-ТН (жасырын жұмыссыздық), кезеңділігі айлық):

      екінші және үшінші жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Заңды тұлғалар және олардың филиалдары мен өкілдіктерінің өздері орналасқан орындары бойынша; аудандардың, қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары; астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары және "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ (бұдан әрі – "ЕРДО" АҚ) ұсынады
Представляют юридические лица и их филиалы и представительства по месту нахождения; местные исполнительные органы по вопросам социальной защиты и занятости населения районов, городов; местные исполнительные органы по вопросам социальной защиты и занятости населения столицы, областей, городов республиканского значения и АО "Центр развития трудовых ресурсов" (далее – АО "ЦРТР")

Ұсыну мерзімі – заңды тұлғалар және олардың филиалдары мен өкілдіктерінің өздері орналасқан орындары бойынша есепті айдан кейін 3-күні; аудандардың, қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары есепті айдан кейінгі айдың 5-күні; астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары есепті айдан кейінгі айдың 7-күні; "ЕРДО" АҚ Еңбекминіне есепті айдан кейінгі айдың 10-күні
Срок представления – юридические лица и их филиалы и представительства по месту своего нахождения 3-го числа после отчетного месяца; местные исполнительные органы по вопросам социальной защиты и занятости населения районов, городов – 5-го числа после отчетного месяца; местные исполнительные органы по вопросам социальной защиты и занятости населения столицы, областей, городов республиканского значения – 7-го числа после отчетного месяца; АО "ЦРТР" в МТСЗН – 10-го числа после отчетного месяца".

      ";

      1-бөлімнің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      3-бөлімнің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады