ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрық 31.12 2026 ж. дейін қолданыста болады
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" және "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша пилоттық жобаны іске қосу және іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 41, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 60 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 47 бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасымен бекітілген Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға көшіп келушілер үшін тестілеу, сауалнама жүргізу және әңгімелесу өткізу қағидаларында:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін көшіп келушілерді қоныстандыруға арналған өңірлердің жергілікті атқарушы органы;";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша онлайн-диагностикалық тестілеу нәтижелері тестілеу өткізілген күннен бастап және прокторинг жүйесін қолдану арқылы тексеру аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Онлайн-диагностикалық тестілеуде әрбір блок бойынша 70 %-тен 100 %-ке дейінгі аралықта шекті көрсеткішін жинаған тұлғаларға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес онлайн-диагностикалық тестілеу сертификаты беріледі. Шекті көрсеткішті еңсере алмаған тұлғаларға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес онлайн-диагностикалық тестілеу жөнінде анықтама беріледі.
7. Онлайн-диагностикалық тестілеудің бір немесе екі блогы бойынша нәтижесі шекті көрсеткіштен (70 %) төмен болған жағдайда, соңғы тестілеуден өткен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде тестілеуді екі реттен аспайтын мөлшерде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі.";
28-тармақтың он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Білім деңгейі (БД):
Баллдар диапазоны: 0-ден 150 баллға дейін;
Критерий өтініш берушінің алған білім деңгейін, оның кәсіптік даярлығын және еңбек нарығындағы әлеуетті сұранысын ескереді. Баллдар білім туралы растайтын құжаттар негізінде, дипломның түпнұсқалығын тексеру немесе дипломды апостильдеу арқылы беріледі.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Өтініш беруші енгізген деректер мен тексеру нәтижелері негізінде иммиграциялық әлеуетті өлшемшарттық бағалау жүйесі әрбір критерий бойынша автоматты түрде есептейді және балл береді.
Иммиграциялық әлеуетті критерийлік бағалау жүйесінің балдары мына формула бойынша есептеледі:
Жалпы балл = (ДК + БД + ТБ + ОЖТ + БЕЖТ + ҚК) × ДЖ + ҚК , мұнда әрбір көрсеткіш тиісті критерий бойынша балды білдіреді.
Иммиграциялық әлеуетті критерийлік бағалау жүйесі бойынша ең төменгі өту балы кемінде 600 балды құрайды.";
көрсетілген қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасымен бекітілген Қандас мәртебесін беру қағидаларында:
11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) қоныстандыру өңірлері – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін көшіп келушілерді қоныстандыруға арналған өңірлер;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін көшіп келушілерді қоныстандыруға арналған өңірлердің жергілікті атқарушы органы;";
18-тармақ мынадай мазмұндағы 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасының өзге өңірлеріне тұрақты тұруға кету;
5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғанға дейін бес жыл ішінде банктік шотта орналастырылған төлем қабілеттілігін растамағанда;
6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған сәттен бастап Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін еңбек өтілі мен ресми табысын жыл сайын растамағанда;
7) қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке қол сұғатын (екі және одан да көп рет), мемлекеттік билік институтына, белгіленген басқару тәртібіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған, жол жүрісі қағидаларын үнемі бұзғанда (үш және одан да көп рет);
8) ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған, бір жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталған, Қазақстан Республикасының аумағында онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығы болған жағдайда.";
көрсетілген бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасымен бекітілген Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметінің аумақтық органы тарапынан "ХҚКО" ИАЖ МО АЖО және КҚЖ АЖ арқылы, Қазақстан Республикасында заңды негіздерде қоныстандыру өңірлерінде кемінде бір жыл тұрған жағдайда және халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган беретін "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті одан әрі алуға рұқсат туралы көшіп келушілерді өлшемшарттық бағалаудан өткені туралы хабарламаны шетелдік алған кезде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті қабылдау және оның нәтижесін беру көшіп келудің тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен (Ақмола облысы (Қосшы қаласын, Аршалы және Целиноград аудандарын қоспағанда), Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Абай облысы және Ұлытау облысы) Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін көшіп келушілерді қоныстандыруға арналған өңірлерде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қажетті құжаттар тапсырылған сәттен бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күнді құрайды.";
1)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері берген "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті одан әрі алуға рұқсат туралы көшіп келушілердің өлшемшарттық бағалаудан өткені туралы хабарлама (кәмелетке толмағандарды, әрекетке қабілетсіз адамдарды, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның өтініші бойынша инвесторларды, тізбесі халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие кәсіптерге ие шетелдіктерді қоспағанда) және өзге де шетел азаматтары, экономикалық дамуға елеулі үлес қосатын, басым экономикалық және әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысатын немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша бірегей құзыреттері мен жетістіктеріне ие тұлғалар.;";
4)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 531 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33001 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде төлем жасау қабілеттігін растау қағидаларына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін (өтінішті қарау кезеңінде банк шотында кемінде 1320 АЕК қаражаты болған жағдайда 5 жыл ішінде одан әрі жыл сайын растай отырып), немесе төлем қабілеттілігін растаудан босату негіздерінің бар екенін растайтын құжат.
Көшіп келуші Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған кезде өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжатты көші қон қызметіне тұрақты тұруға рұқсат алған күннен бастап жыл сайын ұсынады;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) салалық мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының Ұлттық сыныптауышының (бұдан әрі - ҰСТ) сабақ тобын көрсете отырып және ҰСТ (кәсіп, дағдылардың деңгейі мен мамандануы, диплом, мамандандыру бойынша жұмыс өтілі, біліктілік деңгейі) талаптарына сәйкес келетін өтінішхаты – "Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптердің тізбесін және оның қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің оңайлатылған тәртібі белгіленетін, талап етілетін кәсіптер тізбесінің талаптарына жауап беретін адамдар ұсынады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31938 болып тіркелген), уәкілетті мемлекеттік органның дәлелді өтінішхаты – өзге де шетел азаматтары, экономикалық дамуға елеулі үлес қосатын, басым экономикалық және әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысатын немесе бірегей құзыреттері мен жетістіктеріне ие тұлғаларға қызмет алушылар.;
уәкілетті мемлекеттік органдардың өтінішхаттары негізінде мемлекет үшін мүддесін білдіретін және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушылар үшін;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) оның азаматтығы бар мемлекеттің жазбаша келісімі немесе кету парағы не шетелге тұрақты тұруға кетуге қарсылықтың (шектеудің) болмауы туралы басқа құжат (халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі бар адамдарды қоспағанда), егер азаматтығы бар елдің заңнамасымен көзделген осындай анықтаманы алуға мүмкін болғанда.
Егер оларды алу мүмкіндігі азаматтығы бар елдің заңнамасында көзделмесе, мұндай құжаттарды ұсыну талап етілмейді, бұл туралы уәкілетті органның атына шет мемлекет тарапынан растау бар;";
мынадай мазмұдағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады не бұрын берілген рұқсат мынадай шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты күші жойылады:
1) заңсыз келген, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған;
2) сотталғанға дейiн тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;
3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;
4) кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар;
5) Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туылған немесе бұрын оның азаматы болған бұрынғы отандастарды, инвесторларды, кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін, тізбесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сұранысқа ие кәсіптері бар шетелдіктерді және уәкілетті мемлекеттік органның өтініші бойынша мемлекеттің мүддесін білдіретін өзге де адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде өзінің төлем қабілеттілігін растауды бермеген;
6) Қазақстан Республикасының шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнамасын бірнеше рет бұзған;
7) ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздыртқан;
8) іс-әрекеттерi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған;
9) Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне қарсы шыққан, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырған;
10) Қазақстан Республикасының аумағында онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстары үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар;
11) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремистік немесе террористік әрекетке қатыстылығы немесе Қазақстан Республикасында экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымға қатыстылығы туралы мәліметтер болған кезде;
12) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы қолдаухатпен өтiнiш жасаған кезде жалған құжаттарды ұсынған не өзі туралы көрінеу жалған мәлiметтер хабарлаған немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде дәлелді себепсіз ұсынбаған;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтпеген;
14) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты берген кезге дейін бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген;
15) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
16) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрақты тұруға арналған рұқсатты алған және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға арналған рұқсаттың берілу күнінен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз уақыт тұрып жатқан;
17) тұрақты тұруға арналған рұқсатты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сұранысқа ие кәсіптер тізбесінің негізінде алған және тұрақты тұруға арналған рұқсаттың берілу күнінен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күн ішінде көрсетілген тізбеде көзделген кәсіп бойынша жұмыс істемеген;
18) Қазақстан Республикасының азаматтарымен некелескен, осы некесі тұруға ықтиярхат алу үшін негіз болған, егер бұл неке заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылса;
19) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны, салық және еңбек заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
20) ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатер төндіретін;
21) Қазақстан Республикасына келуге қарсы айғақ болып табылатын аурулары бар;
22) егер бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;
23) бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;
24) Қазақстан Республикасының аумағында бір жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталған;
25) қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын (екі және одан да көп рет), мемлекеттік билік институтына, басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған, жол жүрісі қағидаларын жүйелі түрде бұзған (үш және одан да көп рет);
26) Қазақстан Республикасында заңды негізде қоныстандыру өңірлерінде бір жылдан аз уақыт тұрып жатқан;
27) Қазақстан Республикасында жарамсыз көшіп келушілердің тұруға ықтиярхаты бойынша бір жүз сексен үш күнтізбелік күннен астам уақыт тұрып жатқан;
28) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішхат берген кезде көрсетілген мекенжай бойынша тұрмайтын;
29) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін құжаттарды ресімдеуге жіберу мақсатында иммиграциялық әлеуетті өлшемшарттық бағалау жүйесінен өтпеген;
30) өтінішхат берген күнге дейінгі он екі ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағында үздіксіз еңбек немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаған не отбасының әрбір мүшесіне шаққанда табысының бар екенін растамаған адамдарға, бұл ретте Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға үміткер отбасының әрбір мүшесіне (жұбайын (зайыбын), күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын кәмелетке толмаған балаларды, сондай-ақ асырауындағы өзге де жақын туыстарды қоса алғанда) шаққандағы табыс мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір ең төменгі жалақыдан кем болмауға тиіс;
31) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде тұрақты түрде бес жылдан кем тұрған жағдайда, Қазақстан Республикасының өзге өңірлеріне тұрақты тұруға кету кезінде.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін белгілеу;
2) қызмет алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің немесе тексерудің теріс қорытындысы.
Осы Қағидалардың 3-тармағының талаптары, 5-тармақтың 1), 4), 13) тармақшалары және 5-1-тармақтың 26), 29), 30) тармақшалары кәмелетке толмағандарға, инвесторларға, тізбесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие мамандықтарға ие шетелдіктерге және өзге де шетел азаматтары, экономикалық дамуға елеулі үлес қосатын, басым экономикалық және әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысатын немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша бірегей құзыреттері мен жетістіктеріне ие тұлғалар.
Жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты не 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты негізінде азаматтығы жоқ адамдар деп танылған адамдарға қатысты осы Қағидалардың 16) және 19) тармақшалардың қолданылуы таратылмайды.
Әрекетке қабілетсіз адамдарға қатысты осы Қағидалардың 3-тармағының, 5-тармақтың 1) тармақшасының, 5-1-тармақтың 21), 26), 29), 30) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.
3-тармақтың осы Қағидалардың екінші абзацының ережелері бұрынғы отандастарға, ерлі-зайыптыларды кемінде бір жыл заңды некеде тұрған, олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен танылатын некеде тұрған жұбайлардың қосылуы мақсатында келген адамдарға, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын шетелдіктерге осы елді мекенде ықтиярхат алу үшін жүгінген кезде қолданылмайды.
Осы Қағидалардың 3-тармағының, 5-тармағы 1) тармақшасының және 5-1-тармағының 26), 29), 30) тармақшаларының талаптары жасы алпыс жастан асқан, бұрынғы отандастар болып табылатын не отбасының қосылуы мақсатында келген адамдарға қолданылмайды.
Отбасының қосылуы мақсатында келген адамдар отбасылық қатынастарды растайтын құжаттарды (туу туралы куәлік, неке туралы куәлік) ұсынады.";
көрсетілген қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, қандастар мен иммигранттардың кетуі, уақытша болмауы, тұрақты тұратын жерінде тұрмауы, мәлімделген жұмыс орнында еңбек қызметін жүзеге асырмауы, байланысын жоғалтуы, сондай-ақ оларды елден шығару фактілері бойынша ведомствоаралық ден қою қағидаларын бекітуді көздейтін бірлескен бұйрық қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп осы бірлескен бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына, Полиция департаменттеріне жұмыс барысында басшылыққа алу үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы бірлескен бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын және осы бұйрықты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелерінің назарына , жұмыс барысында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрық қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрықтың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларын орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Ішкі істер министрліктерінің заң қызметі департаменттеріне ұсынуды қамтамасыз етсін.
6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
7. Осы бірлескен бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
| бірлескен бұйрыққа 1 қосымша Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға көшіп-қонушылар үшін тестілеу, сауалнама жүргізу және сұхбат өткізу қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесінің онлайн-диагностикалық тестілеуі бойынша сертификат үлгісі
___________________________________________________________________
Тестіленуші туралы ақпарат
Тегі: ____________________________________
Есімі: ___________________________________
ТЖК:
Жеке басын куәландыратын құжат: |
| |
№: | мерзімі: __.__.____ | |
______________________________________________________________________
Блоктар: | Жинаған балдары: | |
Тыңдалым (20 тапсырма) | __ балл ( __ %) | |
Оқылым (40 тапсырма) | __ балл ( __ %) | |
Барлығы: | __ балл ( __ %) |
Жеке басын куәландыратын құжат болған жағдайда жарамды
_____________________________________________________________________
|
| бірлескен бұйрыққа 2 қосымша Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға көшіп-қонушылар үшін тестілеу, сауалнама жүргізу және сұхбат өткізу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесінің онлайн-диагностикалық тестілеуі бойынша анықтама үлгісі
|
| ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ |
| |
ОНЛАЙН-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ТЕСТІЛЕУ |
Тапсырған күні: __.__._____ / __:__:__ | |||
_____________________________________________________________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Осы анықтама тестіленушінің қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері бойынша онлайн диагностикалық тестілеуге қатысқанын əрбір блок бойынша 70% шекті көрсеткішін алмағанын растайды.
Тест блоктары бойынша нәтиже:
Блоктар: | Жинаған балдары: |
Тыңдалым (20 тапсырма) | __ балл ( __ %) |
Оқылым (40 тапсырма) | __ балл ( __ %) |
Барлығы: | __ балл ( __ %) |
Жеке басын куәландыратын құжат болған жағдайда жарамды
_____________________________________________________________________
|
| бірлескен бұйрыққа 3 қосымша Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 2-қосымша |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ | |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШЕТЕЛДІКТЕР МЕН АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАРҒА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ СҰХБАТ ПАРАҒЫ | |
Тегі, аты, әкесінің аты | |
Туған жылы | |
Сұхбаттың қорытындысы: | |
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттан бас тартылатыны не бұрын берілген рұқсаттың күші жойылатыны туралы маған ескертілді. | |
КҚҚБ инстпекторы, лауазымы, арнайы атағы | |
Берілген күні | |
ИНСПЕКТОР ҚОЛЫ | |
ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТЫҢ ҚОЛЫ | |
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тарту негіздері | |
Мынандай: | |






