БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 205 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
14-тармақ мынадай мазмұндағы 30-2) және 30-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"30-2) азаматтарды зейнетақымен және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге тексеру жүргізуге арналған бақылау іс-шараларының үлгілік бағдарламасын әзірлеу;
30-3) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметінің негізгі бағыттарын бағалау әдістемесін әзірлеу;".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
