Ақсуат ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Ақсуат ауданы әкiмiнiң "Ақсуат ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31551 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№ 176 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
№ 176 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Айнабастау ауылы, атауы жоқ көше, Айнабастау фельдшерлік пункті "Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының Ақсуат ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Айнабастау, Томар, Ақжал, ауылдарының аумағы.
№ 190 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
№ 190 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Мүрсәлім ауылы, атауы жоқ көше, Мүрсәлім фельдшерлік пункті "Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының Ақсуат ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Мүрсәлім, Қызбай, Мешел ауылдарының аумағы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсуат ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е. Ескендиров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Аксуат аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
