Абай облысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу туралы

Жаңа

Абай облысы мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 35/232-VIII шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-6) тармақшасына, "Мемлекеттiк меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 87 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20396 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Абай облысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі белгіленсін.

      2. "Абай облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім қабылданған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін жолдау;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Абай облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы мәслихатының төрағасы Ш. Байбеков

  Абай облысы мәслихатының
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 35/232-VIII шешімімен
бекітілді

Абай облысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемері

№ р/н

Қалалар және елді мекендердің санаты

Жалға алу ақысының мөлшерлемелері 1 шаршы метрге айлық есептік көрсеткіштерінде (ай сайын)

Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері

Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері

Археология ескерткіштері, ансамбльдер мен кешендер, киелі объектілер

Монументтік өнер құрылыстары

1.

облыстық маңызы бар қалалар

0,8

0,6

1,0

2.

аудан орталығы

0,6

0,4

0,8

3.

кенттер

0,4

0,4

0,6

4.

ауыл

0,2

0,2

0,4

      Ескерту:

      Мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері жалға алу ақысының мөлшерлемелерін жалға алынатын алаңның шаршы метрдегі көлеміне көбейту жолымен шығарылады.

      Жалға алу ақысының мөлшерлемелері "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сай қалалар мен елді мекендердің санаттарын ескере отырып анықталады.

      облыстық маңызы бар қалалар* - iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар және халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекендер;

      аудандық маңызы бар қалалар* - аумағында өнеркәсiптік кәсіпорындар, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының, мәдени-ағарту және сауда объектілерінің дамыған желісi бар, халқының саны кемiнде 10 мың адам болатын елдi мекендер;

      кенттер* - халқының саны кемiнде 3 мың адам болатын елдi мекендер.

      Халық саны кемінде 2 мың болатын, жыл сайын емделу және демалу үшiн келетiндердің саны кемiнде олардың жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де кенттерге теңестiрiледi. Оларға азаматтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады;

      ауылдар* – халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекендер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады